БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУДІҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІСІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Отбасы қатынастардағы осы жағымсыз құбылыстың өзектілігі мен таралуы менің мекенжайыма және аймақтық өкілдерге тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау туралы өтініштерден көрінеді. Барлық жолданымдар бойынша түсініктемелер беріледі және ұсынымдар құзыретті органдарға жіберіледі. Орталықтың қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері 2023 жылы отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 20-дан астам мақала жариялады, адам құқықтары, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша тұрақты дәрістер өткізеді. Қабылданған заңнамалық және профилактикалық шараларға қарамастан, отбасындағы зорлық-зомбылық әртүрлі нысанда жалғасуда, бірақ жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін теріс мультипликативті медициналық, демографиялық және басқа да әлеуметтік-экономикалық салдарлармен байланысты фактор ретінде қабылданады. Бұл тұрғыда кемсітушіліктің барлық түрлерін, оның ішінде жынысына қарай, еңбек бостандығына және оны қандай да бір кемсітусіз төлеуге, ар-намыс пен жеке қадір-қасиетке қол сұғылмаушылыққа, ана мен әке болуды қорғауға, отбасы құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мен тәлім беруге, сондай-ақ осы құқықтар мен бостандықтарды бұзғаны үшін барабар жауапкершілікті белгілеуге байланысты жұмысты жалғастыру маңызды.
Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың тағы бір маңызды аспектісі – балалардың құқықтарын қорғау. Балалардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, оның ішінде психологиялық зорлықзомбылыққа куә болуы, тіпті көп жағдайда бірге құрбаны болуы жиі кездеседі. 1994 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялады және онда көзделген барлық құқықтарды қамтамасыз етуге міндеттенді.
А. Ластаев
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл