ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысының Отырар ауданда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды түзу және хаттамаларды электронды нұсқада рәсімдеп, сотқа жолдау кезінде туындайтын мәселелер талқыладынды. Аудандық  соттың  судьясы Ермек Найманбайұлы Оразқұловтың ұйымдастыруымен өткен шарада жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген инспекторлардың қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау ісі сөз болды. Сондай-ақ, жеке айыптауларды сотқа жолдау барысында орын алатын кемшіліктердің алдын алу  жайы талқыланды.  Жиында аудандық соттың судьясы Ермек Оразқұлов тақырыпқа жеке тоқталып, түсіндірме берді. Кездесуде Отырар аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  73-бабына енгізілген өзгертулерге байланысты, қазіргі кезде тәжірибеде орын алып отырған мәселелерге қатысты сұрақтарды талқылады.

Жергілікті полиция өкілдері отбасы-тұрмыстық қатынастағы істерді тараптар татуласқан жағдайда сотқа жеткізбей, өздері қысқартып отыруына заңнамалық тұрғыда өкілеттік берілсе, сот жүйесінде жүктеме артпас еді деген ойларын жеткізді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер,  денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып соғу, жала жабу жәйттері қарастырылған.

Заңда құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, ескерту жасауға не бес тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Ал осы жәйт бір жыл ішінде қайталанатын болса  он тәулікке әкiмшiлiк қамауға алынды.

Жиынға қатысушылармен қозғалған тақырып бойынша  жұмыстарды жандандыру негізінде ұсыныстар айтылды.