СОТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
- Түркістан облысы, Түркістан қаласы
![blog-single-image](https://openkazakhstan.kz/wp-content/uploads/2024/10/323213.png)
Түркістан облысы Кентау қалалық сотының судьясы Б.П.Кұрамысов қалалық заң кеңесінің адвокаттары, қала прокуроры, қалалық әкімшілігінің заңгері, қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен экссоттылық жайлы семинар сабағын өткізді.
Соттылық дегеніміз – сот ісін қарауға тиісті нақты соттың ұйғарымы. Теория жүзінде соттылықтың екі негізгі белгісі бар:
Оның біріншісі, ведомствалық соттылық, яғни сот даудың сипаты, нысанасы бойынша айқындалады. Соттылық кезінде аудандық және мамандандырылған соттардың құзіреттері ажыратылады;
Екінші, аумақтық соттылық сот жұмыс істейтін аумаққа байланысты таңдалады.
Жалпы ереже бойынша талап жауапкердің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі. Аумақтық соттылық мынандай түрлерге бөлінеді:
– баламалы (талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық),
– айырықша (нақты даулар бойынша соттылық заңда айқындалады),
– шарттық (тараптардың келісімі бойынша соттылық).
2022 жылдың 1 тамызынан бастап экстерриториялық, яғни эксаумақтық соттылық принципі қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабы тараптардың өзара келісімі бойынша осы іс үшін, оның ішіндегі істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығын көздейтін нормамен толықтырылады.
Жаңашылдықтың мақсаты – сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүктемесін бүкіл ел бойынша біркелкі бөлу.Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзіретті сот эксаумақтық соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады.
Эксаумақтық соттылықты тараптар шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді. Келісімді сот істі іс жүргізуге қабылдағанға дейін немесе істі талқылауына дайындау аяқталғанға дейін рәсімдеу қажет.