«ШЫҒАРМАЛАР ШЕРУІ» ЖАСТАР АРАСЫНДА ЗАМАНАУИ ОЙЫН-САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
-
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
Шымкент қалалық арнайы кітапханада бүгін «Тағдырластар» клубының кезекті бас қосуы болып өтті. «Шығармалар шеруі» тақырыбында өткен шараға жан-жақты белсенді жастар қатысты. Шараны клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізіп отырды. Ол алдымен қараша айында туған күн иелерін құттықтап, сый-сиапаттар үлестірді.
Жетісайлық Жұмабай Лаура, ұлт мақтанышы болған қайраткер қаламгер Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына орай ақынның жырларын оқып, жұртшылықты жырға бөлесе, Динара Битеева, Талиев Алладин, Зебо Дадаева әннен шашу шашып, кештің сәнін кіргізді. Ернар, Руслан, Бексұлтан, Зебо, Жұлдыз сынды белсенді жастар қызықты ойындарға қатысып жеңімпаз атанып, сыйлықтармен марапатталды.
Кеш барысында «Қазақ соқырлар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің (ҚСҚҚБ) Шымкент қалалық филиал төрағасы Пірімжанов Марат Аханұлы клуб жастарына Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорынның өнімінен жасалған сыйлықтарды табыс етіп, жалынды жігер тіледі. Кеш соңында жиналған жастар әдеттегідей естелік суретке түсіп көңілді тарасты.