Арыс қаласы
Арыс – Түркістан облысындағы қала.
Арыс қаласының әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Задария, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай.
Қазіргі таңда Арыс қаласының аумағында 73,538 мың адам тұрады. Оның ішінде Арыс қаласының ішінде 48,6 мыңға жуық адам.
Жергілікті атқарушы орган – Арыс қаласының әкімдігі. Қала әкімдігіне қарасты 13 атқарушы орган өз қызметін жүзеге асырады.