ЖОБА ТУРАЛЫ

Openkazakhstan.kz туристік порталы — Қазақстандағы саяхатқа арналған туризм саласы бойынша ақпараттық-танымдық жоба.

Біздің қызмет Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы ашық әрі толық ақпарат ұсыну, туризм саласындағы бірыңғай ақпараттық ресурс құру бағытына бағытталған.

Біз оқырмандарымызды құрамына тарихи-мәдени мұралар, табиғи ескерткіштер мен қорғалатын аймақтар, дәстүрлі құндылықтар мен танымал брендтерді қосатын 10 мыңдаған көрнекті жерлермен таныстырамыз. Сондай-ақ, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі танымал туристік маршруттарды, жаңалықтарды, танымдық бағыттағы мақалаларды, өтіп жатқан іс-шаралардың анонстарын үзбей жариялап, әр өңірдің ерекшелігі туралы әңгімелеп, маңызды туристік бағыттарға арналған арнайы жобалар түземіз.

Біздің порталымыз арқылы Сіздер өздеріңіз тұрған аумақта жуық арада өтетін оқиғалар туралы білу, жақын маңдағы көрнекті орындарды табу және маршрут жасау, сондай-ақ өз контентіңізді ұсыну мүмкіндіктеріңіз бар.