Кентау қаласы

Кентау — Түркістан облысы қарамағындағы қала, Кентау қалалық әкімдігі орталығы.
Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 195 км-дей жерде. Облыс орталығы-Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 30 км-дей жерде, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие.

Кентау қаласы (бұрынғы атауы Мырғалымсай кенті) 1955 жылы тамыз айында Ащысай кен орнын дамыту негізінде құрылған.
Қала әкімшілігіне қарасты аумақтың халық саны 203228 адам (01.01.2019ж. дерек).

Кентау қаласына қарасты аумақта орналасқан көпшілік көруге қызығатын туристік нысандар мыналар (тізімдегі нысан үстін басу арқылы, нысан туралы толық ақпарат бетіне тікелей өте аласыз) :

  1. Кентау қалалық музейі
  2. Қаратау қорығы (Хан тағы)
  3. Шәммет ишан мешіт-медіресесі
  4. Мыңжылдық тұт ағашы
  5. Үкаша ата құдығы
  6. Жылаған ата сарқырамасы

Қала аумағындағы осы туристік нысандар аясында төмендегіше туристік маршрут қалыптасқан. Осы туристік карта арқылы еркін, әрі ешбір жолбастаушысыз-ақ сапарға шыға берсеңіз болады.

Ең сенімді, әрі тегін жолбастаушы бола алады деп сендіреміз.