Спорттық құрылымдар
Спорттық құрылыстар, спорттың әр түрінен жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді қамтамасыз ететін, әдейі салынып, жабдықтаған құрылыстар. Алғашқы спорттық құрылыстар деп ежелгі грек стадиондарын, палестраларды, стадиодромдары есептелінеді, олар Олимпия, Милет, Афины және өзге де қалаларда б.д.д. VIII гасырда салынған. Таң-ғажайып спорттық құрылыстар. Ежелгі Римде (Колизей, Ипподром және т.б.) өткеннің бұл сәулет ескерткіштерді және қазіргі уақытта да өзінің көлемі мен және әдемілігімен таңдандырады. Мысалы, Колизейдегі тастан жасалған трибуналарға 50 мың шамасындағы адам сыйып келеді, ал екі доңғалақты күймемен жарысуға арналған Ипподромның трибуналары 250 мың адамды сыйғызуы мүмкін. Колизей трибуналарының сопақша болып келуі қазіргі Еуропа стадиондары трибуналарының түп бейнесі секілді. Орта ғасырда католик шіркеуі Олимпиядалық ойындардың өткізілуіне рұқсат бермеді. Спорттық құрылыстар қиратылып және ұзақ уақыт бойы олардың құрылысы тоқтап қалды. Еуропаның әртүрлі елдерінде спорт құрылыстарын салуды қолға алу ісі, халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен, қоғамдар мен спорттық құрылыстардың пайда болуымен байланысты, тек XIX ғасырдың аяғында ғана басталды. Спорттық құрылыстардың көбеюі мен жетілдіруі бәрінен бұрын олимпиядалық спорт ғимараттарын салуға әсер етті. Спорт құрылысын спорттың бір ғана түрімен шүғылданып және жарыс өткізу үшін жекелеген түріне және бірнеше спорт түрімен жаттығып және жарыс өткізу үшін қарастырылды. Көлемін жоспарлау құрылымы бойынша ашық және жабық деп бөлінді. Спорттық құрылыстың табиғи және жасанды жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді желдету үшін қажетті жабдықтарды болуы тиіс, жаттығу ететін орын мен өзге де бөлме, ғимараттардың санитарлық жағдайда ұсталуы, сондай-ақ құрал- жабдықтарға қойылатын талаптардың сақталуын қарау да қажет. Жүзу үшін судың айналуы, тазаруы және залалсыздандыру, сондай-ақ бөлменің дезинфекциялануы бойынша шаралардың орындалуы ерекше маңызға ие. Бұдан бөтен де дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушылардың, қызмет көрсететін адамдардың да, жеке гигиенаның ережелерін сақтауы бақылауға алынады.