Еңбекші ауданы

Еңбекші ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігі. Аудан 1932 жылы құрылған. Еңбекші ауданы көптеген жұмыс орындары бар ірі өндіріс орындарымен ерекшеленеді.

Еңбекші ауданы аумағында 23 мөлтекаудандар («Теріскей», «Күншығыс», «Азат», «Сайрам», «Шапағат», 18-ші, 16-шы, 17-ші, 11-ші, 12-ші және т.б.), 336 көше, даңғыл, өткелдер (Т.Рысқұлов, Сайрам, Жібек жолы, Түркістан көшелері, Тәуке хан даңғылы және басқа да) орналасқан.

Ауданда әртүрлі дайын өнім өндіретін 32 ірі және орта кәсіпорындар қызмет етеді. Мұнда мұнай өңдеу зауыты, асбест-цемент құрылымдар, кардан валы, шифер және кірпіш зауыттары; текстиль және жиһаз өндірісі жұмыс істеп келеді. Кеңес заманында ірі фосфор кәсіпорны жұмыс істеген. Сондай-ақ, Еңбекші ауданында сыра және алкогольсіз сусындар өндіретін кәсіпорындар да орналасқан.

Ауданда 3492-ден астам кәсіпкерлік тұлғалар, оның ішінде 3334 кіші, 126 орта, 23 ірі кәсіпкерлік тұлғалары тіркелген.

Еңбекші ауданында 10 қоғамдық бірлестік, 3 ұлттық-мәдени орталық, 25 діни бірлестік мен олардың филиалдары қызмет етуде.

Аумақта “Юмакс” радио-компаниясының кеңсесі орналасқан.