Қаратау ауданы
Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атауын танымал жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт қойған.
Аудан аумағына 28 елді мекен мен мөлтекаудан енген.
Қаратау ауданы өзінің құрамына «Азат», «Ақжайык», «Асар», «Асар-2», «Бозарық», «Достық», «Достық-2», «Қайнар булақ», «Қайтпас», «Қызылсай», «Мартөбе», «Мирас» (бір бөлігі), «Нұрсәт», «Нұртас», «Орманшы», «Өтеміс», «Сайрам», «Тәжірибе бекеті», «Таскен», «Тассай», «Тұран», «Шапырашты» мөлтекаудандары мен тұрғын алаптарын біріктірген.
Қаратау ауданы әкімдігі Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60 үй мекен-жайында орналасқан.
+7 (7252) 42-10-19, 42-10-29