blog-single-image

“ТАЙҚАЗАН” ТУРНИРІ ӨТЕДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан
  • 16.03.2022 - 17.03.2022

  • Notice: Undefined offset: 0 in /opt/openkz/wp-content/themes/star/single-events.php on line 43
  • 0

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Балуан Шолақ» атындағы спорт мектебінің базасында жасөспірімдер арасында республикалық “Тайқазан” турнирін өткізеді.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі қарсаңында “2022 жыл – Балалар жылы” аталуына орай “Әзірет Сұлтан” музей-қорығының жүлдесі үшін өтетін жарысқа Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарынан 2005-2008 жылдар аралығында туған жас спортшылар қатысады.

Турнирдің ашылуы 16 наурыз күні, сағат 10.00-де Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт мектебінде өтеді.