blog-single-image

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ 11 КҮН ТОЙЛАНАДЫ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Шымкент
  • 13.03.2022 - 23.03.2022

  • Notice: Undefined offset: 0 in /opt/openkz/wp-content/themes/star/single-events.php on line 43
  • 0

Шымкент қаласында биылғы Наурыз мерекесі 11 күн тойланбақ. Қалалық мәдениет басқармасының ресми парақшасы таратқан іс-шаралар жобасында осындай мәлімет бар.

Іс-шаралар жоспарына қарасақ, 13-наурыздан басталатын мерекелік қойылымдар 23-наурызда аяқталады екен. Әр күнді әртүрлі тақырыптарға арналуының басты себебі Наурыз мерекесін жалпыхалықтық мейрамға айналдыру болса керек. Бағдарламалар тізбесінде бұған дейін тоқтап қалған “Қошқарата сейілі” секілді дәстүрлер де қайта қосылып, көңілді демдеп отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін туристік маңызы бар деп топтаған мерекелік шаралар қатарына тоқталсақ:

  • 13-наурызда “Қошқарата сейілі” таңғы сағат 10:00-ден бастап Қошқарата өзені жағалауында;
  • 21-наурызда “Ұлттық тағамдар фестивалі” таңғы сағат 10:00-ден бастап “SHYMQALA” этноауылында;
  • 21-наурызда “Гастроном Fest” таңғы сағат 10:00-ден бастап Арбат демалыс жолағында;
  • 22-наурызда “Ұлыстың ұлы күні Наурыз”, “Наурыз Шымқалада” мерекелік шаралары қаланың барлық саябақтарында;
  • және 23-наурыз күні кәдесый бұйымдарына басымдық беретін “Жоралғы күні” шарасы “SHYMQALA” этноауылында өтеді деп жоспарланған.

Ұлыстың ұлы күні, төл жаңа жылымыз – Наурыз мерекесін қарсы алуды жоспарласаңыз, Шымкентке келіңіз!