“Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы” жылының ашылу салтанаты наурызда өтеді
, ,
-
0
2200 жылдық тарихы бар шырайлы Шымкент шаһары биыл “ТМД-ның мәдени астанасы” мәртебесін алып, осы статусқа сай ашылу рәсімін жоғары деңгейде өткізу көзделуде.
2020 жылы наурыз айының 20 жұлдызына белгіленген ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылу салтанаты өтетін қаланың Орталық стадионы қазір қызу дайындық үстінде.
Ауқымы ТМД елдерін қамтитын бұл іс-шара елімізге қызығушылығын білдіріп, көз тіккен елдер алдында үлгі болуы тиіс. Тек бір ғана Шымкент қаласының емес, мемлекетіміздің абыройы сыннан өтпек бұл ұлы сәтте күллі Қазақстан қолдау білдіріп, атсалысады деп күтілуде.
ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін аталмыш шара соңы гала-концертке ұласады. Гала-концертке Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Зарина Алтынбаева, Жұлдыз Уәлихан, Сара Амангелді, “Hawana”, “Время и стекло” топтары, “Омбы” хоры, Евгени Курчич, Гулзинат Суранчиева, Зафар Абдуалимов, Акбар Атамухамедов, Ширин Маматова, Сильва Акопьян, Марта Адамчук сынды еліміздің және ТМД елдерінің танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтеді.
Кіру ақысы бар болғаны 1000 теңгені құрайтын концерттен түскен қаражат толығымен қайырымдылық қорына аударылатын болады.
Жылда бұйыра бермейтін осындай мәртебесі аспандап тұрған ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылуына қайырымды қала тұрғындары мен қонақтарын Шымкент қаласының әкімдігі шақырады.