
“Тарихы терең Түркістан” ақпараттық турының екінші бөлігі
- Түркістан облысы, , Шымкент
- 2019-08-09 - 2019-08-09
- хабарлама
- 0
“Тарихы терең Түркістан” ақпараттық турының екінші бөлігі 9-шы тамыз күні басталмақ. Турдың бұл бөлігінде Түркістан облысының Қазығұрт, Төле би, Сайрам аудандарында орналасқан 5 республикалық және 5 облыстық, жалпы 10 киелі орындарды қамтымақ.
Турға қатысуға 21 БАҚ өкілі және әлеуметтік желі белсенділері өтініш білдірген. Таңнан басталатын ақпараттық шара кешкісін Мәртөбе кешенінде мәреге жетеді деп күтілуде.