ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ
Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі оның жүзеге асыратын негізгі құзыреттерінен айқындалады. Атап айтқанда, құқықтық-әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын коммуникативтік, дипломатиялық бағыттары болады. Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық санамен тығыз байланыста бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда құқықтық мәдениеттің құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда ауқымы кең ұғым. Себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты, іс-әрекетті, заңды […]
Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі оның жүзеге асыратын негізгі құзыреттерінен айқындалады. Атап айтқанда, құқықтық-әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын коммуникативтік, дипломатиялық бағыттары болады.
Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық санамен тығыз байланыста бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда құқықтық мәдениеттің құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда ауқымы кең ұғым. Себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты, іс-әрекетті, заңды фактілерді де қамтитынын айтып өткен ләзім.
Құқықтық мәдениет құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейін, дәрежесін, әлеуметтің заңдарды білуінің тиісті дәрежесін, құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейін, құқықтық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру үрдістерінің сапалық жағдайын, құқықтық қызметтің ерекше әдіс-тәсілдерін, құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктері түріндегі нәтижелерін қамтиды.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті бұл құқықты білуі мен оны түсінуі, соған сәйкес әрекет етуі, қозғалуы болып табылады. Құқықтық мәдениеттің құрылымы психологиялық, идеологиялық, жүріс-тұрыс элементтерінен қалыптасады.
Құқықтық мәдениет – жеке тұлғаның жоғары саяси және азаматтық қасиеттерін қалыптастырады, әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттырады, құқықтық сана мен мінез-құлық қағидаларын және мәдениет нормаларын, демократиялық қоғам құру белсенділігін күшейтеді, қазақстандық ұлтжандылықты, патриоттықты терең ұғынып, оны орнықты ету үшін идеялар мен басым қағидаларды қолдауға және жүзеге асыруға, құқықтық сана-сезімді қалыптасыру мақсатында нақты қарым-қатынастар жасауға мүмкіндік береді.
Гүлнар АРҒЫНБЕКОВА,
заң ғылымының кандидаты