АБАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 10 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласы Абай ауданында соңғы 8 жылдың ішінде  222 аула абаттандырылып, 56 жерге спорт алаңшасы салынды. Ал былтырғы жылы 21 көпқабатты  үйді ауласы жөнделіп, заманға сай сәулетке ие болды. 35 аулада спорт алаңшалары  бой түзеді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды. Мұның барлығы шаһар тұрғындарының тынығып-демалуына,ғ балалардың есік алдында спортпен шұылдануына, ойнап, көңіл көтеруіне жағдай туғызды.

Қазір Абай ауданына қарасты «Құрсай» шағынауданында  да балалар ойын алаңшасы салынуда.  Қарнақ көшесінде орналасқан ойын алаңшасы  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындардың ұсынысымен тұрғызылып жатыр.

Алаңды абаттандыру жұмысы биылғы жылдың  мамыр айының  соңында басталған болатын. Қазір алаңға түрлі ойын және жаттығу құралдарын орнату  жұмысы жүргізілуде. Мердігер мекеме нысанды жуырда қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Мұнда балалар алаңынан бөлек демалуға арналған бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылады.

Алаңшада тұрғындардың серуендеуіне  және дене шынықтырумен айналысуына барлық жағдай жасалған. Спорт элементтерімен бірге, балаларға да арналған құрылғылар орнатылуда.  Бұл бұйымдардың барлығы  Шымкент қаласында жасалған.

Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазір барлық аумақтағы құрылыстың 85 пайызы аяқталып, жуырда ел игілігіне беріледі.

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары  да «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады.

Қазір  шағынаудандағы №№7,10 көпқабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңшасы балалардың игілігіне берілген болса, №6,9 үйлердің ауласында жұмыстар жалғасуда. Өндірістік кестеге сәйкес өзге үй аулаларында да жұмыстар басталғалы тұр.