АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарының есебін берді. Жиынға журналистер қатысып, сауалдарын жолдады. Әкім есебін әлеуметтік желілерден көру мүмкіндігі де қарастырылды.

ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ

«Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен (4%)  жеке меншік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады» – деді  аудан әкімі.

АУЫЗ СУ

Спикердің сөзінше, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-не сапалы ауыз сумен жеткізіліп, бұл көрсеткіш 97%-ды құрап отыр екен.  2022 жылы 5,2 млрд.теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып,  аудандағы бірқатар елді мекендер сапалы ауыз судың тапшылығын көрмейтін болады.

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ

Сондай-ақ ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылса, қалған 26 елді мекенге 207,0 мың адам (64,0%) кәріз жүйесі тартылмаған. Аумақта  2025 жылға дейін елідмекендердің 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады деген жоспар бар.

КӨГІЛДІР ОТЫН

Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

КӨШЕЛЕРДІҢ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

2021 жылы аудандағы 71 көше жарықтандырылған екен. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 259-ға жетпекші.

ЖОЛ

Биыл ауданда 56 шақырым жол пайдалануға беріледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған.

Әкімдік туралы

Шымкент қаласы Абай ауданы шекарасы, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары және Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қалалық мәслихатының 22.10.2004 ж. №11/108-3е және 21.10.2004 ж. №3180 санды шешімдерімен құрылған.

Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.

Аудан тұрғындарының жалпы саны – 322 911адам.