«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА 13,3 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында кәсіпкерліктің дамуына  мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында  13,3 миллард теңге бөлінді.  Қазіргі дейін бұл қаржының  4,1 миллиард теңгесі  1 мың 830 жобаға  берілді. Оның дені, яғни 1,1, миллиард теңгесі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы жобаларға берілген. Соның нәтижесінде  74 жоба мемлекеттің қолдауына ие болды.   Сондай-ақ, «Іскер қала» бағдарламасы бойынша 19 жобаға  183,4 миллион теңге бөлініп отыр.  

Кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы жұмыс істеп келеді. Қаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 миллион  теңгеге дейін 6 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Жыл басынан бері  микроқаржы ұйымы 86 жобаға  865,6 миллион теңге қаржылай қолдау көрсеткен.

Мегаполисте мұнан бөлек  «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығы да жұмыс істеп келеді.   Онда 24 мыңнан астам  кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілген.

Жалпы республикалық дербес қала мәртебесіне ие болған 4 жылдың ішінде Шымкент қаласының даму динамикасы жоғарылап келеді. Осы мерзім ішінде қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскен.

Мегаполис мәртебесін иемденгелі бері  бері  өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 миллиард  теңгеден 785,4 миллиард теңгеге ұлғайды. Аймақ экономикасына  1,5 триллион  теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл тағы  жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған.  Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді.  Сонымен бірге 2,6 миллион  шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, оның 1 миллионы өткен жылы берілген. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асты. Ал, қала бюджеті 146,2 миллиард теңгеден 573,7 миллиард теңгеге дейін артты.