ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАР МЕН ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтіп жатыр.  Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шараға шет елдерден кәсіби мамандар келіп, жергілікті гидтермен өз тәжірибелерін бөлісуде.  «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған семинар 5 күнге созылады деп жоспарланған.

Шымкент  дербес қала мәртебесін алғалы меагаполиске  келушілер саны ұлғайды. Туристік әлеуеті де жоғарылады. Осыған орай соңғы жылдары туристік сала мамандарының тәжірибесін арттыруға айырықша көңіл бөлініп келеді.  «Визит Шымкент»туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған  семинар тренингке  Түркия, Біріккен Араб әмірліктері, Өзбекстан секілді туризм саласы түрленген елдердің  мамандары қатысуда.

Мұнда экологиялық туризм өте жақсы дамыған екен. Қазақстанға, оның ішінде Шымкентке алғашқы іс-сапарымда осының куәсі болып отырмын. Мәселен, Өзбекстан тарихи-мәдени туризмге бай. Сондықтан екі жақты өкілдер бір-бірімізден үйренеріміз көп деп ойлаймын. Мұны семинар-тренингтен бұрын тәжірибе алмасу дегеніміз дұрыс болар. Гид-экскурсовод мамандарын оқыту – туризм саласына қосылған үлкен инвестиция. Сол себептен де, мұндай жиындардың маңызы зор,-дейді Өзбекстан Республикасы «Гидтер қауымдастығының» төрайымы Наргиз Саломова

Шымкент қаласында бүгінгі таңда  80-ге жуық гид-экскурсовод бар. Олардың біліктілігі мен білімін арттыру арқылы қаламызда тусритердің сапалы демалуына сеп боламыз дейді ұйымдастырушылар. Осындай игі істен қапы қалмау үшін семинар тренингке қатысуға ниет білдіргендердің бірі – Дәулет Мелдеханов. 6 жылдан бері туризм саласында қызмет етіп жүрген маман бүгінгі шарада өз кәсібилігін шыңдауға ниетті.

Аталған семинартренинг 5 күн бойы жалғаспақ. Қатысушыларға практикалық негізде де білім алуға мүмкіндік бар. Шара соңында оларға біліктілігін жетілдіргені жөнінде сертификаттар табысталатын болады.