ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖЕЛІЛЕРІ БІРТІНДЕП АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛЫП ЖАТЫР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Қазақстан Республикасының президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев  берген тапсырмалардың бірі еліміздегі үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру болатын.  Аталған тапсырманы орындау үшін Шымкент қаласының әкімдігі әзірлеген «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бүгінде нәтижелі жүзеге асып жатыр.

Жоба негізінде 2021 жылы Шымқалада 136 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Олардың ішінде қала шетіндегі елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат атаулы бірқатар көшелер бар. Осы жылы Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер мен қатар 26 көшеде тұрған ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдарға ауыстырылды.

Жарықтандыру желілері біртіндеп автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Бұл жүйе қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсетіп тұрады.

Ал, биыл Шымкент қаласын электр қуатымен қамту көрсеткішін биыл 98 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта 5 елдімекен – Жаңаталап, «Достық», «Тұран», «Нұртас», «Сәуле» шағын аудандары мен Бозарық елдімекенінде 1 қосалқы станция, Ақжар 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілуі керек.  Ынтымақ ауылында қосалқы станция, «Нұрсат», Қайнарбұлақ, «Батыс», «Солтүстік саяжай» шағын аудандарында алдағы жылы аяқталатын құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Егер, осы жұмысиардың бәрі уақытында орындалса,  2023 жылы Шымкент қаласының электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Биылғы жылдың алғашқы жартысында – Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, «Сәуле» 97 %, «Cолтүстік саяжай» 88 %, «Достық» 80 %, Жаңаталап 67 %, «Тұран 2-3» 64%, «Батыс» 56 %, «Нұртас» 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, «Нұрсат» 33% орындалып отыр.