ЖОЛ ЖӘНЕ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҚСАРА ТҮСТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Қай мемлекетте болмасын көлік қатынасы- транспорт халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады. Соның ішінде басым бағыттардың бірі- жолаушыларды тасымалдау қызметі. Тасымал туралы айтқанда, тілге туризм түседі. Шымкент қаласы да туристік әлеуеті жоғары аумақтардың қатарына кіреді. Іргедегі тарихи Сайрам, қала ортасындағы ескі қалашық, Цитадель, дендропарк демалыс аумағы және туристер үшін қызықты деп табылатын басқа да нысандарды байланыстыратын жол. Туристер үшін саяхаттың созылу уақыты, жайлылығы, баға маңызды. Негізінде транспорттық саяхат туризмнің бір түрі. Осы бағытта қандай жұмыстар істеліп жатыр. Бұл жеке сараптап тоқталатын тақырып. Жол, транспорт туралы айтқанда, жол белгілері туралы айтпай кету мүмкін емес.

Жол белгілерін орнатуға келгенде үшінші мегаполисте айтарлықтай ізденістер бар. 2014 жылы Шымкентте күннің көзінен қуат алатын жол белгілері орнатылды. Бұл көлік жүргізушілері түн ортасында да жол белгілерін алыстан анық көруі үшін жасаланыған жағдай еді. Ең бастысы,  белгілер қалалық электр желісіне тәуелді емес. Сондай-ақ көше бойындағы көзге ұратын жол белгілері жүргізушілерге алда жаяу жүргіншінің жолы бар екенін еске салып тұрды. Күн қуатынан нәр алатын арнайы жарықтанған белгі күндіз-түні жұмысын тоқтатпайтыны белгілі. Бұл жаңалықты қалалықтар жақсы қабылдады.

2019 жылы аладағы Тәуке хан және Қонаев даңғылының бойында республикамыздағы еш өңірінде жоқ жол қозғалысын реттеу белгісі пайда болды. Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналды.

Белгі жаяу жүргінші өткелінің алдына қойылып, жолға төселген плиталар жасыл және қызыл түспен жанып, бағдаршам ролін атқарды. Жаңа қондырғы бұрынғы бағдаршамдармен бір мезетте жұмыс істеп, яғни, «Тоқта», «Жүр» деген белгі беріп тұрды.

Бұл жобаны шымкенттік кәсіпкер азаматтар жасап, туған қаласына тегін сый ретінде ұсынған-ды. Және Тәуке хан және Дінмұхаммед Қонаев даңғылдарының қиылысындағы тұрғындар көп жүретін жерге орналасты. Мұндағы мақсат – қала тұрғындарын жол ережелерін сақтауға шақырып, қауіпсіз қала құруға үлес қосу еді. Жауын-шашыннан арнайы қорғалған жаңа үлгідегі бағдаршамдар 20 см қар астында жатса да ап-анық көрінетіндей технологияда жасалған.

Ал, 2021 жылдан бастап Шымкент қаласында  көше бойы «Сергек» камералары орнатыла бастады. Камералардың көбейтілуі жол қауіпсіздігінің жақсаруына айтарлықтай себін тигізді.

Шымкент қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Ерғали Сүлейменов қазір 20 жерде 40км/сағ жол белгісі орнатылған. Мектептердің жаны және тек қана жаяу жүргіншілер жолағын бақылауға алып тұр. Елдімекендерде бәрімізге белгілі жол ережесені сәйкес, ең жоғарғы жылдамдық 60 км/сағ. Шымкентте қазір 12 мыңнан астам жерге жол белгісі орнатылған. Жол белгісі орнатылған жерге біздің тарапымыздан күнделікті зерделеу жұмысы жүргізіледі. Сол кезде ескіргені, құлап қалатыны болады немесе басқа азамат тарапынан ұрлау фактісі болады. Мұндай жағдайда да полиция қызметкерлеріне міндетті түрде хабарлау қажет.

Қала тұрғындары мен қонақтарына айтарым — қала аумағында жол ережесін сақтап жүрсеңіздер екен. Егер, сақтамай жүрсе, «Қорғау» мобильді бағдарламасы міндетті түрде айқындайды, дейді.

Туристер үшін Шымкент жолдарында жүру қауіпсіз деп баға беруге болады. Жолға қанша қаражат бөлінсе, жол белгілеріне де сонша ақша керек. Белгіге баса назар аудару –  тек көлік жүргізушісіне ғана емес, жаяу жүргінші үшін де аса маңызды.

OpenKZ –АҚПАРАТ