ЖОЛ ЖӨНДЕУ МЕН АБАТТАНДЫРУ АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ

  • Жамбыл облысы, Тараз қаласы
blog-single-image

Шымкент қаласындағы,  Әл-Фараби ауданынының аумағында биыл 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төселінеді.  Жоспар бойынша жұмыс жүйелі жүргізіліп отыр.

Соның ішінде ауданға қарасты  Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы,  №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделетін болады.  МЖК ш/а Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная), 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшелері  де асфальт төсеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.

Ал, Бекетті және Красноярский көшесі,  Желтоқсан және Іляев көшелерінің  қиылысы Байтұрсынов көшесіне  кіреберісінде  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі, 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелері, Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі,  Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейінгі жолдарда жөндеуден өтеді.

Нақты айтқанда, бүгінде, 275 орамда 4 көше, МЖК шағынауданында 3 тұйық және 195 орамда 5 көше асфальт салу жұмыстары аяқталды.

Ауданда жол жөндеумен қатар абаттандыру  шаралары да жалғасын табуда. Жыл басында аудан бойынша  50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған болатын.

Бүгінде, қаланың ауданға қарасты аумағында орналасқан 28 аулада абаттандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Көп қабатты үйлердің алдында тұрғындардың  демалуына арналған  орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойнайтын кішігірім алаңшалар жасалып, ойын құралдары орнатылып,   халықтың арасында бұқаралық спортты дамыту үшін, ересектерге арналған спорт құралдары мен жабдықталуда.  Абаттандыру жұмыстарын мемлекеттік тапсырыстың жеңімпазы болып табылған  «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-і жүргізуде.

Жоспар бойынша жөнделуге тиіс 22 ауланы абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алц конкурсы жарияланған.

OpenKZ- АҚПАРАТ