ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласы  Қаратау ауданындағы 422 көпқабатты үйде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүруде. Алдын ала түзілген жоспарға сай қазір  жүйелер шетінен  сығымдаудан өткізілуде. Бұл жұмысты атқару бірқатар жауапты мекемелерге жүктелген. Сығымдау жұмыстарын  «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС-інің  3  бригадасы, «Қызметкер СК» ЖШС-інің 3 жұмыс тобы, «Коммунал Сервис КО» ЖШС-інің 1 бригадасы, ЖК «Исабаеваның» мамандарынан жасақталған құрам , «Алиаскар Бам Групп» ЖШС-інің  1 арнайы жұмыс бригадасы және ЖК «Әділ», ЖК «Адал хаузинг»,  ЖК «Қазына» мамандары жұмылдырылған. 

Коммуналдық сала мамандары  көп қабатты үйлердің жылу жүйесін сығымдау кезінде тік құбырларды 6-7 атмосфералық қысыммен тексеріп жатыр.  Ақау анықталған жағдайда жарамсыз бұрандалар ауыстырылып, ысырма жапқыштар майланатын болады. Жылыту маусымына дайын үйлер «Қуат жылу орталық-3» мекемесінің актісімен қабылданады,- дейді аудан әкімі.

Жалпы, Қаратау ауданы бойынша 554 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың 422-і орталық жылыу жүйесіне қосылған. Ал  қалған 132 үй автономды жылу қазындығы арқылы жылытылады.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қаратау  аудандағы 6 жылу қазандығының  да жағдайы жіті тексерілуде.  Анықталған ақаулар  жөнделіп, бұзылған бөлшектері ауыстырылуда. Сорғылардың дұрыс жұмыс істеуі де  тексеруден өтіп жатыр.

Жұмыс барысында қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен қызметкерлеріне, ең алдымен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету тапсырылған. Және жұмыстың сапалы орындалуы қадағаланады.

Айта кетейік, аудан аумағындағы орталық жылу жүйесіне қарасты 422 көп қабатты үйдің жылыту маусымына дайындық жұмыстары биылғы жылдың  қыркүйек айында толық аяқтау жоспарланған.

Жалпы, Шымкентте  орталықтандырылған жылу жүйесіне 1 мың 945 тұрғын үй, 256 білім, 109 медициналық, 33 спорт, 70 мәдениет және 14 әлеуметтік нысан қосылған. Жылдағы кесте бойынша бұл нысандар қазан айының 15-нен бастап жылыту жүйесіне қосыла бастайды.