КЕЛЕСТІК ЖАСТАР СПОРТТЫ ҚАЛАЙДЫ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарын спортқа ынталандыру мақсатында “Дүйсенбілік футбол” атты спорттың кіші футбол түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Аяғының ұшында ала допты ұршықша үйіріп, сайысқа сайланып келген командалар қатары көп болды. Барлығының да бабы мықты, шеберлігі шыңдалған. Әйтсе де жарыс болған жерде жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні анық. Ала доп додасының жүлделі орынынан үміткерлер арасындағы сайыс аса тартысты өтті. Жарыс қорытындысында Абай ауылының командасы жүлделі 1 орынды алып, дәстүрге айналған турнирдің 4 дүркін чемпионы атанды.

Жалпы, соңғы жылдары Келес ауданында жастар арасында спорт қарқынды дамып келеді.

Келес ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і Алпамыс батыр және Ұшқын ауылдық округінің жастар ісі бойынша инспекторларының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұлдар арасында спорттық волейбол түрінен жарыс ұйымдастырылды.

Өзара жолдастық кездесуге қос ауылдық округтен командалар қатысып, жүлдені сарапқа салды.
Осылайша, ауылдар арасындағы өзара байланысы артып, спорт арқылы нығая түсті. Осы іспетті жолдастық кездесулер алдағы уақытта әр ауылдар арасында ұйымдастырылып өз жалғасын табатын болады.