КЕЛЕСТІК ЖАСТАР ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНА БАРДЫ

  • Түркістан облысы, Келес ауданы
blog-single-image

Түркістан облысы Келес ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нiң Ошақты ауылдық округінің жастар ici-бойынша инспекторының ұйымдастыруымен Ошақты ауылдық округінің таланты жастары Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына арнайы экскурсия жасады.

Келес ауданы «жастар ресурстық орталығы» баспасөз қызметінің хабарлауынша, округ жастары кітапхананы және оқырмандар залын аралап көріп, заман талабына сай рухани ордаға келушілерге қызмет көрсету iciнiң озық жетістіктерін көрді. Бүгінде кiтапханада 400 мыңнан астам кiтап пен 6 мың 546 дана электронды қор бар. Цифрлық заманда кiтапхана мобильді смарт жобасы мен QR кiтапхананы жүзеге асыруда. Тағы  айта кетерлік жайт, алпысқа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын кiтапхана сайтындағы штрих код арқылы оқуға мүмкіндік жасалып отыр.

Cондай-ақ, жастар ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің астрономия ғылымына арналған планетарий залымен танысты. Аталған планетарий бұл жұлдызды аспан, күн, ай және планеталардың кескiнiн жарты сфералық күмбез түріндегі экранға түсірiп көрсетуге арналған аппарат. Планетарий залында оқырмандар орындықтарға жайғасып, жоғарыдағы экраннан ғаламшар әлемiн тамашалай алады.