МЕКТЕП САЛУ – КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ТИІМДІ ЖОБА

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары миллионнан асты. Бала туу көрсеткіші жоғары. Бұл өз кезегінде мектептерге деген сұранысты қалыптастырып отыр.  Мәселен, 1200 оқушыға арналған С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебін осы оқу жылында  3 556  бала аяқтады. Бұл мектепке қосымша  қосымша ғимарат қажеттігін туындатқан еді. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңадан салынып жатқанқосымша ғимараттың сыйымдылығы 375 орын. Бұл дегеніңіз екі ауысымда 700 жүзден аса оқушы білім алуға болатынын көрсетеді. Пайдаланылуға берілгенде 27 жаңа жұмыс орны ашылады.

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 1350,74 шаршы метр. Құрылыс жұмысы осы жылдың наурыз айында басталған.  Құрылыс 2023 жылдың тамыз айында пайдаланылуға беріледі деген жоспар бар.

Мұндай қосымша құрылыс  № 45 мектеп-гимназиясының жанында да жүргізіліп жатыр. Құрылыс Ш. Қалдаяқов көшесінің бойында 1,2909 га жер аумақты қамтып отыр.

300 орындық қосымша құрылыстың бас мердігері – «ЖАҢА АРНА 2002» ЖШС-ы. Жоба бойынша бұл ғимаратта жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы болады. Сыйымдылығы 25 оқушыға арналған 12 сынып ашылмақшы. Сондай-ақ  33  адамның жұмыспен қамтылу мүмкіндігі бар.

Жалпы Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кешенді жоспар жасалынған. Жоспарға сәйкес  75 015 орындық 77 мектеп салыну керек. 54 білім ошағы қазына қаржысынан, 4 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша, 19-ы жеке инвесторлар есебінен бой көтереді. Биыл жыл соңына дейін 16 мектеп пайдалануға беріледі. Жекеменшік білім ордасының саны 62 болады.

Жеке мектептер санын көбейту – бюджетке түсетін жүктемені төмендетеді.  Сондай-ақ орын тапшылығын азайып, білім сапасын жақсартуға  септігін тигізеді. Бұл жобалар тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес  болып табылатындықтан инвестор үшін  де тиімді.