МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕЛГЕ АДАЛ БОЛУҒА АНТ БЕРДІ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Мемлекеттік қызмет-ұлтқа қызмет. Халық игілі үшін жұмыс істеу-мемлекеттік қызметшінің басты міндеті.  Әрбір мемлекеттік қызметші  бұл сіте өзінің жауапкершілігін сезініп, жаңа заңнаманың аясында тиімді жұмыс  істегенде ғана осы мақсаттың үдесінен шығатын болады. Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында мемлекеттік қызметке тағайындалған бірқатар азаматтар ант қабылдады. 

29 жастағы Бегасыл Олжабай Абай ауданы әкімі аппаратында келісім-шарт негізінде қызмет атқарады. Талапты жас бүгінгі заман талабына сай  жаңашыл тұрпаттағы мемлекеттік қызметкер атануға талапты. Ол үшін күнделікті атқарылатын жұмысты тиімді ұйымдастыра білу. Оның нәтижелі аяқталуы. Әрбір істің заң шеңберінде болуын қадағалауға барын салады.

Осындай қызметтік ұстаным мен өмірлік қағидалардың арқасында ол келешекте  ел басқару ісінде өзгелерден  дараланып шықпақ ойда.

Салтанатты түрде өткен ант қабылдау рәсіміне мемлекеттік қызметшілер, ардагер қызметкерлер және жиын себепкерлерінің туыстары қатысты. Жиынға қатысқан Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов өз сөзінде мемлекеттік қызметшінің жұмысы үлкен жауапкершілік жүктейтінін, әрбір қызметкер мемлекет мүддесін қорғауға тиіс екендігін атап өтті. Рәсім соңында өңірдің дамуына үлес қосқан, саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған ардагер-мамандар тілек айтып, жастарға ақ жол тіледі.

Саяси жаңғыруға бет алған тәуелсіз еліміз ел басқарудың яғни мемлекеттік қызметтің дербес әрі жаңа моделін  қалыптастырды. Ендігі міндет  оны орнықты жүзеге асыру. Бүгінгі таңда Қазақстанда  мемлекет қызметінде жүргендердің саны 90 мыңдай. Ал оның тек 10 пайызы ғана Елордада, өзгесі өңірлерде жұмыс істейді. Сондықтан да жауапты міндет негізінен аймақтағы атқамінерлерге артылып отыр.