«ТҰРАН» ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласындағы «Тұран» шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары былтырдан бері қарқынды жүргізілуде.  Бұл мақсатқа қазынадан қомақты қаржы бөлініп, ұзындығы 54 шақырым жерге электр сымы тартылды. Құрылыс жұмысы екі кезеңге жобаланып, жоспарланған. Бүгінге дейін бұл жұмыстың 86 пайызы орындалып,  құрылыстың қалған бөлігі биылғы жылдың қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу ісі жүргізіліп, 3058 тұтынушы, яғни 20 мың тұрандық  сапалы электр қуатын пайдаланғалы отыр.

Тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастырумен бірге экологияның жақсаруына тікелей әсер ететін инфрақұрылымның бірі – кәріз жүйесі. Бұл жұмыс «Тұранда» 2021 жылы басталды. Шағын ауданда ұзынды 11,6 шақырым  болатын магистральды кәріз коллекторының құрылысы біткен. Қазіргі таңда ішкі орамдық кәріз жүйесі салынуда, жыл соңына дейін бұл жұмыс та  аяқталатын болады. Шағын аудандағы магистральды кәріз жүйесінің құрылысына мердігер «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-і жауапты. Ал, ішкі орамдық көшелеріндегі кәріз жүйесін жүргізу мердігер «ТАИР» ЖШС-не тапсырылған. Ішкі орамдық кәріз жүйесіне жалпы ұзындығы 50 355 метр құбыр тартылмақ

Сонымен қатар, тұрғындарды көгілдір отынмен қамту да басты назарда. Газ құбырын жүргізу жұмыстары жыл басында басталғанымен, құрылыс 2023 жылға өтпелі. Бекітілген жоспарға сәйкес, келер жылдың қыркүйек айында 2554 тұрғын үйге газ құбыры тартылып, табиғи газдың игілігін көретін болады. Екінші кезек бойынша жұмыстың 90% орындалып, қазан айы басталғанша №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады. Ал үшінші кезек бойынша, құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге деін құрыдыс жұмысысының 40 пайызы атқарылды. Жалпы «Тұран» шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді

Шағын ауданда көп қабатты үйлердің құрылысы қарқын алған кезеңде оған  қатынау тұрғындар үшін біршама қиындық туғызғаны рас. Алайда, мұндағы жол мәселесі де бүгінде шешімін тауып келеді. «Тұранда» жалпы саны 72 көше бар. Оның басым бөлігі ішкі орамдық  көшелер. Ал, 13-і бір бағыттағы,  2-3 жолақты үлкен көшелер болмақ.

2015 жылы бекітілген шаһардың бас жоспарына сай «Тұран» шағын ауданы қаланың солтүстік бөлігінен бой көтерді. Ауданның жалпы аумағы 1 мың 190 гактар. Шағынаудан батысында Бәйдібек би даңғылымен шектеседі, солтүстігінде А-2 «Алматы-Термез» автокөлік дәлізі жатыр.