ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ЖАУАПТЫЛАРЫ КАТАРДА ЖҮР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Іскерлік туризммен. Туристердің қатарында Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бірқатар депутаттар, қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, бірқатар жергілікті туристік компаниялар бар.  Делегацияның мақсаты Катар елінің астанасы Доха қаласында “Hospitality Qatar – 2022» көрмесіне келушілерге Шымкент қаласының туристік және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру.

Әлемдік туризм саласындағы ауқымды шараға шақыру хат Дохадағы ҚР Елшілігінен келген болатын. Тиісті сала мамандары  үшінші мегаполистің туристік мүмкіндігін барынша ашып көрсету үшін арнайы көрме жасақтады .

“Шымкент қаласы- Қазақстанда жер көлемі жағынан бірінші, халық саны бойынша үшінші орынды алатын мегаполис. Қаланың географиялық тұрғыда орналасуы да Орталық Азия елдерімен логистикалық байланыс пен экономикалық орталық құруға ыңғайлы. Шахарда инвестиция тарту мен кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Дәлел ретінде айта кетейін, өткен жылы қала қазынасына тартылған инвестиция көлемі 462 млрд. теңгені құрады. Одан өзге, туризм саласы бойынша да 2021 жылы шетелден келуші туристер саны бойынша Шымкент елімізде 3 орынға ие болды”. Туризм басқармасының басшысы Ерлан Ермекұлы осылай дей келе, тыңдаушыларды Шымкенттің туристік әлеуетін келіп көзбен көруге және инвестициялық жобаларды бірігіп іске асыруға шақырды.

Көрме 6-9 маусым күндері өтті.  3 күнге созылған көрмеге әлемнің 40-қа жуық елінен  туризм саласының білгірлері мен мамандары қатысты.

 “Hospitality Qatar – 2022” – көмесі, қонақ үй бизнесіне арналған Халықаралық ауқымды көрме болып табылады. Аталған көрме туризм мен қонақжайлылық бойынша перспективті жобаларды жүзеге асыруға арналған. Келушілердің бірінің орны бар, міндетті түрде өз іздегендерін тауып кететін орын ретінде танылған. Шымкент қаласы үшін де  маңызы сондай.  Қаланың туристік әлеуетін таныстыру, мегополиске  келуші туристер санын арттыруға және жаңа жобалар жасауға жол ашады. Инвесторлар тартуда да маңызды көрме болып қабылданып отыр. Нәтиже қандай? Уақыт еншісінде.