ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША ОҢ ДИНАМИКА ҚАЛЫПТАСТЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

 Бүгінгі күні Шымкент қаласы инфрақұрылымы дамыған Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Шымкент қаласының аумағында дәрілік заттар өндіретін “Химфарм” АҚ сияқты химия өнеркәсібінің; “Петро Казахстан Продактс” ЖШС мұнай өңдеу өнеркәсібі, “Бал Текстиль” ЖШС, “Azala Textile” ЖШС тоқыма өнеркәсібі; “Шымкентцемент” АҚ, “Стандарт-Цемент” ЖШС құрылыс индустриясының ірі кәсіпорындары, сондай-ақ мақта, күнбағыс, мақсары, соя өңдеу кәсіпорындары, тамақ өнеркәсібінде тазартылған май, сыра, салқындатқыш сусындар, сүт өнімдерін өндіру кәсіпорындары орналасқан. Сонымен қатар Шымкент қаласының аумағында орналасқан “Оңтүстік” АЭА тоқыма өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді. Қалада инвестициялық ахуал мен әлеуетті жақсарту үшін, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін 2 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Мұнда металлургия, химия, фармацевтика және құрылыс өнеркәсібінің өнімдері шығарылады.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы ірі жұмыс берушілер, ғылым және білім беру, медицина объектілерінің негізгі бөлігі және басқа да қызмет көрсету объектілері шоғырланған елдің ірі урбандалған қалаларының үштігіне кіреді. Сондай-ақ қаланың Орталық Азияның ірі хаб қаласы болуға әлеуеті зор, өйткені қаржы институттары мен озық технологиялар бар, білім беру саласында кадрлар сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті.

  • Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр.
  • Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге.
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,7 млрд.теңге немесе 120,5 пайыз құрады.
  • Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды.
  • Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты.
  • Жалпы көлік көлемі 158,5 млрд. теңге болып, 107,2 пайызды құрады.
  • Байланыс қызметі 4,8 млрд. теңгені немесе 104,7 пайызды құрады.