ШЫМКЕНТТЕ 19 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ IV-ШІ ЛЕГІ БОЙЫНША ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛАДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:
– Порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
– порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
– өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
✓тіркелген жұмыссыздар;
✓29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
-еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
-қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
-өңіраралық қоныс аударушылар
-атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
-мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
-асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Ескерту: өтінімдер 19-30 қыркүйек аралығында қабылданады.(сенбі-жексенбі,яғни 24-25 қыркүйек күндерін қоспағанда).