ШЫМКЕНТ КӨШЕСІНДЕ ШӨЛІҢІЗДІ БАСЫП КЕТЕ БЕРЕСІЗ
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
![blog-single-image](https://openkazakhstan.kz/wp-content/uploads/2022/05/ауыз-су.jpg)
Шымкент қаласында 5 жерде орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын.
Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев – Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55, «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта қолжетімді болды.
Жақын күндері Әл-Фараби ауданында ауызсу бұрқақтары жаңадан тағы 6 жерге орнатылмақ.
Енді қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмай жүрсе ғой, шіркін.