«АЗАТТЫҚТА ҒҰМЫР КЕШКЕН ЕРКІН ЕЛ» ШАРАСЫ ӨТТІ
-
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қалалық «Арнайы кітапханада» «Тағдырластар» клубының кезекті бас қосуы «Азаттықта ғұмыр кешкен еркін ел» деп аталған іс-шара болып өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізіп отырды.
Кеш барысында тақырыптық бағытта шығармашыл жастар жыр оқып, әндер орындап түрлі ойындар ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан барша жандарға сый-сияпат табысталды. Алматы қаласынан арнайы келген қадірлі қонақтар Нұрия Баймұратова, Зарина Абдрахманова және Аружан Сүлейменовалар замандастарына ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін жеткізді.
Кітапты көп оқыған Ирода Насирова, Перизат Жасұзақ, Зебо Дадаеваларға арнайы сыйлықтар табысталды. Кеш аясында «СӘТ» тобының бұрыңғы әншісі Азат Әбілдаев жиналған жұртшылықты «Тәуелсіздік мерекесімен» құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, жеке концертіне шақырды, арнайы билеттер таратып көрерменге тарту етті. Кеш соңында естелік суретке түскен жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.