АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕЛІК ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛУДЕ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Биыл жаңа оқу жылы басталғалы бері Түркістан облысындағы барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер өткізілуде.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы білім ошақтарында оқушылар мен студенттерге есірткінің зардабы, нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келе жатқанына мысал ретінде Түркістан облысы индустриалды-құрылыс колледжінде өткізілген іс-шараны да мысал етіп келтіруге болады.

Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер берілді.  Мұндай әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы дәрістер өтті.

​         Кездесуге қатысушыларға интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін де қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы да ескертілді. Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып. Осылай құқық қорғаушылар мен жастар өзара емін-еркін пікір алмасты. Қылмыстық жауапкершілік қай жастан бастап жүктелетінін, аңдамай басқан қадамның ауыр зардаптарға алып келетінін шынайы оқиғалармен байланыстыра отырып түсіндірді.  Болашақта жақсы азамат болып қалыптасу үшін мектеп кезінен бастап үлгілі тәртіп және біліммен ерекшеленудің маңызы зор екендігіне тоқталды. Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығы туралы айтып, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екенін жеткізді.

Айта кетсек, өңірде 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 килограмм есірткі заты тәркіленді. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған.