«БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында бақылау-қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілері алдындағы “Бірыңғай есеп беру күні” форумы өтті. Келелі басқосуға  облыс прокуратурасы қатысып,  мемлекеттік органдар мен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлік палатасы  жұмысының есебі тыңдалды.  Сондай-ақ мамандар өңірде бизнесті дамытуға бағытталған идеялармен, стратегиялармен, инвестицияларды тарту бойынша өзара әдіс алмасты.

​         Бұл жолы форумға 100-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қатысты.  Жиында прокурорлар бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша қадағалау органының жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Бақылау қадағалау органдары, бақылау-қадағалау саласындағы атқарылған жұмыстары, осы саладағы заңнама жаңалықтары мен өзгерістері туралы баяндады. Сонымен қатар, іс-шара барысында бизнесті қорғау экожүйесі негізінде бизнес-қауымдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша талқыланып, бір шама түйінді мәселелер көтеріліп, тиісті органдарға тапсырылды. Бұл мәселе бойынша қабылданған  шара алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатын болады.

«Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасын өткізу Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен 2019 жылы 24 мамырдағы өткен Отандық инвесторлар Кеңесінде айтылып, әрбір өңірде бақылау-қадағалау органдарының бизнес зауымдастық алдындағы есептілігі туралы бекітілген болатын. Осыған байланысты, Бірыңғай есеп беру күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің тиісті бұйрығы қабылданған. Қағидаға сәйкес Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізілуде Бұл шара бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, жалғасын табады.