ЕСІРТКІ ТҰТЫНУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕ ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ
-
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы
Қазіргі уақытта мамандар есірткі қолдану фактілерінің тіпті оқушылардан да анықталып жатқанын айтып, дабыл қағуда. Олар өмірінде кем дегенде бір рет синтетикалық препараттарды қолданып көрген мектеп оқушыларының қатары артып келе жатқанын айтады. Тіпті, мефедронға қол жеткізу үшін өз тәнін ұсынудан тартынбайтын жасөспірім қыздар да жоқ емес екен.
«Нашақорлардың орташа жасы қазір қатты төмендеді. Бұрын олар 30 жастан асқан адамдар болса, қазір 20-дан жоғары, сонымен бірге 14-15 жаста да нашақорлар кездеседі. Негізінен мефедронға ауқатты отбасылардың балалары отырады. Олардың арасында қыздар көп. Олар «Менің тәнім – сенен меф» дегенге дейін барады. Бұл жасөспірімдердің жүктілігіне, жезөкшелікке, СПИД ауруына алып келеді», – деп жазады gov.kz. сайтында.
Тәуелділіктің тұзағына түскен жасөспірімдердің бойынан бірнеше белгілерді байқауға болады. Олар өзінің хоббиіне деген қызығушылығын жоғалтады, агрессивті мінез-құлық танытады, жиі ақша сұрайтын болады, ұйқысыздық пайда болады. Тіпті, мефедронның әсерінен 5-6 күн ұйықтай алмай, тамақтанбай да жүре беретін көрінеді. Мамандар мұның тәуелділіктің алғашқы белгілері екенін айтады. Синтетиканы ұзақ қолдану деменцияға, ерте инфарктқа, инсультке әкеледі.
Нашаға еліткен жасөспірім бұл жолдан өз бетінше шыға алмайды. Сондықтан оған ата-анананың, жақындарының көмегі ауадай қажет. «Бұл тұста баланы жазалаудың, психологиялық қысым көрсетудің қажеті жоқ. Ондай кезде балаңызды мүлде жоғалтып аласыз», – дейді мамандар. Сондықтан оны ашық әңгімеге тартып, бірге күресудің амалдарын қарастырған жөн.
Жалпы есірткіге тәуелділік – тез арада пайда болатын әдет. Есірткіні бір рет қолдану да тәуелділікке алып келетін көрінеді. Жалпы, есірткіге тәуелділік тез арада пайда болады, кей жағдайда есірткіні тіпті бір ғана рет пайдаланса да, тәуелділік туындайды.