ЖАСТАРДЫҢ КЕЗЕКТІ КІТАП ТАЛҚЫЛАУЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫ
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент жастарының ортасында ерекше бір бастама басталғанын биылғы жаңалықтар тізбегінде тілге тиек етіп келеміз. Бұл бастама жастардың «Сенің ортаң» деп аталатын жобасы, мұнда жоба аясында кітап талқылауы өтіп тұрады. Кітап оқуды жақсы көретін жастардың кезекті бас қосуы «Тәуелсіздік күніне» арналып, ерекше шарамен байланыстырыла ұйымдастырылды.
«Сенің ортаң» кітап талқылау жобасы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өтіп келеді. Бұл жолғы бас қосуға тағы да қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының қатысуымен өтті. «Тағы да» дейтін себебіміз, әкім орынбасары бұған дейінгі екі кітап талқылауға қатысқан болатын. Осы екпін берудің өзі бұл іс-шара жастар арасында сауаттылықты насихаттау, кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, патриоттық сезімді күшейту мен елдің болашағы туралы ой қозғау мақсатында ұйымдастырылып отырғанын білдіретін болар.
Кездесу барысында қатысушылар Төлен Әбдікұлының «Парасат майданы» шығармасын талқылады. Бұл кітапта еліміздің тәуелсіздігі мен адамгершілік құндылықтары мәселелері терең қозғалады, сондықтан жастардың арасында ерекше қызығушылық туғызды. Талқылауға қатысқан әрбір жас кітаптың негізгі идеялары мен ұлттық рухты көтеретін тұстарын атап өтіп, өз ойларын ортаға салды.
Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы шара барысында жастардың бойында патриоттық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, жастардың тәуелсіз елдің болашағы үшін жауапкершілігі жоғары болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ол жастарды өзара пікір алмасуға, кітап оқуға және ой-өрістерін кеңейтуге шақырды.