«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ»

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Желтоқсан. 1986 жыл – Желтоқсан желі ызғарлы…

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған «Арнайы кітапханасында» «Желтоқсан желі ызғарлы…» атты тақырыпта, желтоқсан оқиғасына байланысты «Ғибрат» мәдени демалыс клуб мүшелерінің іс-шарасы болып өтті.

«Желтоқсан көтерілісіне» Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің (КОКП ОК) қаулысымен «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Қас-қағым уақыт тәрізді көрінгенмен, қанды жол ауыр күндермен келген Тәуелсіздігімізге – 33 жыл. Желтоқсан оқиғасына – 38 жыл толып отыр.

Осы оқиғаның басы-қасында болған, алаңдағы оқиғаны өз көздерімен көрген, жанқиярлық кезеңді басынан кешірген азаматтар ортаға шақырылды. Өткен шақты, әрине, еске алу мүмкін қиындау шығар, бірақ, жастар және болашақ ұрпақтарымыз білуі тиіс дүние.

Іс-шараға қонақ ретінде шағырылған 16-желтоқсан оқиғасына қатысушылар «Желтоқсан ақиқаты» Патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының төрайымы Оспанова Гулмира Болатқызы және сол қоғамдық бірлестіктің мүшелері Ермаханов Балабек Нысанбекұлы, Наханов Ниязбек Нұрмахамбетұлы қатысты.

Патриоттық бас қосуға келген кітапхана оқырмандары, әсіресе жастар жағы ерекше әсерленіп шықты. Қазақстан халқы өзінің бостандығы мен егемендігін жақтаған тарихи күндер туралы зор мағлұмат алды.