КІТАПХАНАДА ЖАС АҚЫННЫҢ «ТАБИҒАТПЕН СЫРЛАСУ» КЕШІ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қалалық Жасөспірімдер кітапханасында жас оқырмандарға арналған «Жас толқын» жобасы аясында жастар арасында жаңадан танылып келе жатқан Нұрайлым Бекмұратқызымен «Табиғатпен сырласу…» атты сыр-сұхбат өтті. Қазіргі таңда жүрегі поэзияға толы жас ақын қыздың оқырман көңілінен шыққан «Қарабура қолдаған қарт Созағым», «Әйел бақыты», «Табиғатпен сырласу», «Асыл анам», «Қазақ тілі» т.б. өлеңдері бар.

Нұрайлым Бекмұратқызының туған жері ұлт руханиятының қайнары болған Созақ өңірінің тумасы, қазіргі таңда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-ші курс студенті.

Сұхбат барысында ақын жас та болса, поэзия әлеміне қосар өзіндік стилі бар, шығармалығында ерекше үн, жаңа серпін бар екені көрініп тұрды.

Кешке арнайы қатысқан ақын Қанат Сарыбаев поэзия әлемі мен өлең құдіреті туралы өзінің ұтымды ойларымен бөлісіп, жас ақын қызымыздың өлең өлкесіндегі аяқ алысына жоғары баға беріп, шалқар шабыт тіледі. Бұл кездесуге қаламыздағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің «Мектеп парламенті» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары, мүшелері қатысып, кештің қонақтарына өздерінің сауалдарын қойып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.

Кеш соңында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары ақынның «Табиғатпен сырласу» өлеңіне бейнепоэзия ұсынып, ақынға шығармашылық шабыт тіледі.