«МЕН ӨЛМЕЙМІН, ӨЛМЕЙТҰҒЫН ӘНІМ БАРДА»
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қалалық Жасөсіпірімдер кітапханасында «Мен өлмеймін, өлмейтұғын әнім барда» тақырыбында дарынды сазгер «Мәдениет майталманы» төс белгілерінің иегері, әнші, термеші Оспанов Өмірзақ Жұмағұлұлын еске алу кеші болып өтті. Өмірзақ ағамыз еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Шәмші әлемі» гүлзарында ашылған «Жұлдыздар аллеясында» есімі жазылу құрметіне ие болған өнер майталманы.
Қаршадайынан қолына сырнай алып, Нартайдың әндерін нақышына келтіре орындап, жұртты үйіріп алатын Өмірзақ аға Оспанов шығармалары насихатталды. Өзімен қатар жүрген достары, өнер адамдары Қ.Көмек, Н.Шоқай, Б.Оразымбет, А.Наурыз, А.Бердібеков, А.Оспанов, М.Тұрлыханов, Г.Төлебаева, А.Бекенқызы т.б келіп, естеліктерімен бөлісті.
«Күн шуағым, нұр шуағым – отбасым»,- деп әнге қосқан Өмірзақ ағамыздың жары Дана Оспанова, қарындастары Дүйсенкүл мен Айнакүл Оспановалар, қыздары Салтанат пен Ләззаттар жолын қуып келе жатқан немересі Мақсат кешіміздің қонағы болды. Әкесі жайлы естеліктерін ортаға салып, оқырманға бөлісті. Немересі «Ата сені сағындым» арнауын оқыды.
Ағамыздың өмірі, шығармалары жайлы «Өнерім – өмірім» бейнебаяны көрсетілді. «Дарабоз дарын» тақырыбымен кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды. Өмірін өнермен өрнектеген термеші, сазгер шығармаларынан ән орындалды.