Шымкент қаласында музей ұйымдарының басын біріктірген жаңа ұйым құрылғанын өткенде ғана бөлісіп едік. Міне, бүгін сол жаңа ұйымның жаңа хаттамасы түзіліп, музейдің жәдігерлер қорын байыта түсетін жаңа заттар қабылданып жатыр. Бірлестіктің жанынан құрылған қорларды іріктеу және қабылдау комиссиясының назарына Шымкент қалашығындағы 2018-2020 жылдары жүргізілген кешенді археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілер келіп түсіп түскен. Бұл жәдігерлер тиісті сала мекемелерінің сараптау, зерттеу жұмыстарынан өтіп, музей қызметкерлерінің қолына құжатталу үшін тапсырылып отыр.
Қалалық музейлер бірлестігінің қор іріктеу комиссиясының кеңейтілген отырысы кезінде комиссия мүшелері қараша айында қорға түскен музейлік маңызы бар заттардың құндылығына қарай іріктеу жұмыстарын жүргізіп, талқылаудан өткізді. Музей мамандары Шымкент қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттардың құндылығына жеке-жеке тоқталып, қараша айы мерзімі үшін ғылыми негізгі қорға барлығы 22 жәдігер қабылдады.
Кешенді жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған «Инженерная археология» ЖШС-нің директоры Өскен Молдалиев құнды заттарды тұрақты сақтауға бірлестіктің «Шым қала» тарихи-мәдени кешені бөлімінің қорына өткізіп отыр. Өткізілген заттардың ішінде негізінен ХІІ, XVІ, XVІІ, ХІХ ғасырлардағы қазіргі Қытай елі аумағында өмір сүрген ірі мемлекеттерде соғызған теңге-монеталар жиынтығы бар. Бұл аталған монеталар Шымкент қалажұртының Шахристан аумағынан табылған, қаланың төл жәдігерлері саналады. Өз кезегінде, Қытай жерінен соғылған теңгелердің Шымкент жерінен табылуы, өз заманында бұл аймақтың сауда және экономикалық қатынас байланысы мығым болғанын дәлелдейді.
Музей қорын толықтыра түскен монеталардың бірқатарына жекелей тоқталайық. Бірінші монета: Қытай. Цин династиясы, Кан-Си кезеңі. Пекин. «Қоғамдық жұмыстар бұйрығының сарайы». 1662-1723 жылдары таңбаланған, материалы мыс, салмағы: 3,78 грамм, өлшемі: Dх26 миллиметр, екі жағы да қажалған, жазулары кеткен. Шымкент қалашығының Шығыс Шахристан бөлігінен табылған.
Екінші монета: 10 вэнт монета бөлшегі. Солтүстік Сун династиясы, (Чун-нин) тун-(бао), 1102-1106 жылдары шекілген, материалы қола, салмағы 1.76 грамм, өлшемі Dх13 миллиметр, монета сынығы қарайған, сынған, Шымкент қалашығының Шығыс Шахристан бөлігінен табылған.
Тағы бір монета: Қытай. Цин Династиясы, Даогуан кезеңі. 1821-1851 жылдары Шыңжаңдағы Іле монета сарайында соғылған. Материалы қола, салмағы 4,96 грамм, өлшемі Dх25 миллиметр, қажалған, жазулары кеткен, монета шытынаған.
Заттар туралы әфсана: Қытай монетасы.
Қытайдың Цин династиясы Қытай тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл династия ұзақ уақыт бойы билік жүргізіп, Қытай аумағын едәуір кеңейтіп, экономикалық және мәдени дамуды қамтамассыз етті. Кан-Си Цин династиясының ең танымал және ұзақ билік еткен императорларының бірі, ол билік құрған кезеңде елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, экономикалық және мәдени жетістіктерге қол жеткізді. Қоғамдық жұмыстар бұйрығының сарайы Қытайдың мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бөлімшесі болды. Бұл мекеме негізінен құрылыс және қоғамдық жұмыстарды басқарумен айналысты. Осы сарайдың бұйрығы бойынша монеталар шығарылып, олар экономикалық жүйенің маңызды бөлігін құрады. Кан-Си дәуірінде Қытай экономикасы гүлденді, бұл кезде тиындардың сапасы мен саны да арта түсті. Сол уақыттағы монеталар негізінен мыс пен жезден жасалып, ортасында квадрат тесігі бар дөңгелек пішінде болды. Бұл монеталарда көбіне Кан-Си Тун Бао деген жазу болған, бұл олардың нақты қай императордың басқаруы кезінде шығарылғанын көрсетеді. Кан-Си кезеңіндегі монеталар сауда мен экономикада маңызды рөл атқарды. Олар сарайдың бұйрығымен арнайы зауыттарда соғылып, жалпы айналымға шығарылды. Монеталардың апасы мен соғу технологиясы сол уақыттағы Қытайдың металлургия саласының жоғары деңгейде болғанын көрсетеді.
Дөңгелек монета, ортасында төртбұрышты тесік бар. Бұл дизайн Қытай философиясындағы аспан мен жердің үйлесімін білдіреді.Монеталар әртүрлі провинцияларда соғылып, жергілікті қажеттіліктерге бейімделген. Провинциялық айырмашылықтарды монеталардың артқы жағындағы таңбалардан көруге болады. Цяньлун дәуірінде монеталардың сапасын бақылау күшейтілді. Бұл олардың салмағы мен құрамы бойынша біркелкі болуын қамтамасыз етті. Кейбір провинцияларда шығарылған монеталар сирек кездеседі және коллекционерлер арасында жоғары бағаланады.Бұл монеталар Цин әулетінің экономикалық және мәдени жетістіктерінің куәсі. Цяньлун тун-бао монеталары – Қытайдың ақша жүйесіндегі ең маңызды жәдігерлердің бірі. Олар тек қана экономикалық құрал емес, сонымен қатар Қытайдың мәдениеті мен тарихының көрінісі болып табылады. Осы монеталарды зерттеу арқылы Цяньлун дәуірінің саяси және экономикалық жағдайын тереңірек түсінуге болады.
1.Монета. Қытай. Цин династиясы, Кан-Си кезеңі. Пекин. «Қоғамдық жұмыстар бұйрығының сарайында» жасалған. Шымкент ескі қалашығының 2020 жылы Шығыс Шахристанында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары барысында табылған. Монетаның екінші жағында қытай жазулары жазылған. Ортасында төрт бұрышты тесігі бар. Мыстан жасалған.
- Монета. Қытай. Цин Династиясы, Даогуан кезеңі. 1821-1851жж. Синьцзян. Или теңге сарайында жасалған. Бұл кезеңде монеталар негізінен мыс пен жезден жасалды. Ортасында квадрат тесігі бар дөңгелек пішінді. Монетадлардың алдыңғы бетінде әдетте иероглифтермен жазылған «Дао Гуан Тун Бао» деген қытай жазуымен жазылған, бұл монетаның Даогуан императорының басқаруы кезінде жасалғанын білдіреді. Ортасында төрт бұрышты тесігі бар, кірлеген, ысылған, рельефті бөліктері тегістелген, шытынаған.
- Монета. Қытай. Цин династиясы, юн-чжэн тун-бао. Айсингёро Иньчжэнь императоры, монета сарайы. Қаржы бұйрығы, Пекин. Юн-чжен кезеңі. 1 вэнь. 1723-1735 жж. Бұл кезең Қытай тарихында әкімшілік реформалар мен қаржы жүйесінің нығаюымен белгілі. Сол кезеңдегі монеталар Юнчжэн императорының билігі кезінде шығарылғанын білдіреді. Юнчжэн Тун Бао монеталары – Цин династиясы кезінде монеталық жүйенің тұрақтылық пен тәртіпті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадамдарының бірі. Олар Қытайдың қаржы және сауда саласының маңызды элементі болып, осы кезеңінің экономикалыық және саяси дамуын көрсетеді. Ескірген, қарайған, қажалған, жазулары кеткен.
- Монета. Қытай, Цин династиясы. Кан-си тун-бао. Кан-си кезеңі. Хэнань провинциясы.1662-1723 жж. Материалы жез, ескірген, қарайған, оюлары кеткен, ортасында төрт бұрышты тесігі бар. Шэньси провинциясы Цин династиясының маңызды аймақтарының бірі болды. Провинциядағы монеталық сарай: Провинцияның ішкі және сыртқы саудасына қызмет етті. Аймақтық экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарды. Шэньси сарайы шығарған монеталар сапасы жағынан жоғары деңгейде болды және олар Қытайдың батысындағы сауда айналымында кеңінен қолданылды. Монеталар көбінесе жезден (мыс пен мырыштың қорытпасы) жасалды.
- Монета бөлшегі. Қытай, Цин әулеті, Юн-чжэн Тун-бао (1723–1735 жж.) – бұл Қытай нумизматикасының маңызды құрайтын тарихи монеталардың бірі. Бұл монета Цин әулетінің Юн-чжэн императорының билігі кезінде соғылған және Юньнань провинциясында шығарылған.
“Юн-чжэн” – бұл императордың билік атауы.”Тун-бао”– “айналымдағы ақша” дегенді білдіретін жазу, ол Қытай монеталарының стандартты атауы болды. Пішіні дөңгелек, ортасы төртбұрышты тесік. Бұл дизайн Қытай монеталарына тән дәстүрлі стильді сақтаған. Алдыңғы беті: “Юн-чжэн тун-бао” иероглифтері жазылған. Артқы беті: Монетаның шығарылған провинциясы көрсетілген. Юньнань провинциясының монеталарында әдетте (Юнь) иероглифі жазылады. Материалы әетте қоладан жасалған. Кейде мыс немесе мырыш қоспалары пайдаланылған.
- Монета бөлшегі. Қытай. Цин әулеті, Канси, Тун-бао (1661–1723 жж.). 1вэнь. Қаржы бұйрығы монета сарайында шығарылған монеталар – Қытайдың нумизматикалық тарихындағы ерекше мәні бар құндылықтар. Бұл монеталар Цин әулетінің көрнекті императорларының бірі Канси дәуірінде шығарылған және Қаржы бұйрығы монета сарайында жасалды. Материалы – жез.
Канси тун”Канси” Императордың билік атауы. “Тун-бао” “Айналымдағы ақша” дегенді білдіреді.
Дәстүрлі қытай монеталары сияқты дөңгелек пішінде жасалған, ортасында төртбұрышты тесік бар. Бұл дизайн қытай философиясында жер мен аспанның бірлігін білдіреді.Монета бөлшегі қарайған.
- Монета бөлшегі. Қытай. Цин әулеті, Канси, Тун-бао (1661–1723 жж.). 1вэнь. Қаржы бұйрығы монета сарайында шығарылған монеталар – Қытайдың нумизматикалық тарихындағы ерекше мәні бар құндылықтар. Бұл монеталар Цин әулетінің көрнекті императорларының бірі Канси дәуірінде шығарылған және Қаржы бұйрығы монета сарайында жасалды. Материалы – жез. Канси тун”Канси” Императордың билік атауы. “Тун-бао” “Айналымдағы ақша” дегенді білдіреді.Қытай монеталары сияқты дөңгелек пішінде жасалған, ортасында төртбұрышты тесік бар. Бұл дизайн қытай философиясында жер мен аспанның бірлігін білдіреді. Қытай. Цин әулеті, Канси, Иун-бао (1661–1723 жж.). 1вэнь. Қаржы бұйрығы монета сарайында шығарылған монеталар – Қытайдың нумизматикалық тарихындағы ерекше мәні бар құндылықтар. Бұл монеталар Цин әулетінің көрнекті императорларының бірі Канси дәуірінде шығарылған және Қаржы бұйрығы монета сарайында жасалды. Материалы – жез.
Канси тун “Канси” Императордың билік атауы. “Тун-бао” “Айналымдағы ақша” дегенді білдіреді.
Дәстүрлі қытай монеталары сияқты дөңгелек пішінде жасалған, ортасында төртбұрышты тесік бар. Бұл дизайн қытай философиясында жер мен аспанның бірлігін білдіреді.Монета бөлшегі қарайған. Монета бөлшегі қарайған.
- Монета. Қытай. Цин династиясы. Цянь-лун тун-бао. Шэньси провинциясының монета сарайында жасалған. 1736-1795 жж. Материалы – жез. 1 вэнь. Бұл аймақ Қытайдың Ұлы Жібек жолындағы маңызды орталығы болды. Сондықтан Шэньси провинциясында соғылған монеталар тек жергілікті айналымда ғана емес, көрші аймақтарда да пайдаланылды. Шэньси белгісі бар “Канси тун-бао” монеталары сирек кездесетін үлгілердің қатарына жатады, әсіресе сапасы жақсы сақталғандары жоғары бағаланады.Монетадағы «Си» белгісі оны басқа провинциялардан шыққан монеталардан ерекшелейді. Қажалған, жазулары кеткен, қарайған.
- Монета бөлшегі. Солтүстік Сун династиясы, (Чун-нин) тун-(бао). 1102-1106 жж. 10 вэнь.
Материалы-қола. Солтүстік Сун династиясы 1102–1106 жылдар аралығындағы 10 вэнь номиналды монеталары – бұл Қытайдың ортағасырлық ақша жүйесіндегі ерекше құндылығы бар жәдігерлер. Олар император Хуэйцзунның билік ету кезеңінде жасалған. Осы кезеңдегі монеталар “Дашэн Юаньбао” деп аталған және олар Сун династиясының экономикалық реформаларының маңызды бөлігі болды. Сун династиясының ақша жүйесі 10 вэнь номиналды монеталары – бұл ірі номиналды монеталардың бірі болды. Олар мыс немесе қола қоспаларынан жасалды және номиналы жоғары болғандықтан ірі сауда мен салық төлемдеріне пайдаланылды. Бұл монеталар инфляциямен күресу және сауда-саттықты жеңілдету мақсатында енгізілді.
Алдыңғы бетінде қытай иероглифтері жазылған. Артқы бетінде сарайдың немесе монета сарайының белгісі көрсетілген. 10 вэнь монеталарында артқы бет жазуы сирек кездеседі. монеталар мыстан немесе қоладан жасалған. Кейбір сирек үлгілерінде күміс қоспалары қолданылған болуы мүмкін. Бұл монеталар 10 вэньге теңестірілді, яғни олардың құны қарапайым мыс монеталардан он есе жоғары болды. Қарайған, сынық.
- Монета. Қытай. Цин династиясы, Канси императоры.Шаньсидің Сиань провинциясы
1662-1723 жж. Канси императоры кезіндегі Шаньси провинциясының монеталары – бұл Цин династиясының алғашқы жылдарындағы аймақтық ақша жүйесінің маңызды бөлігі. Бұл монеталар Қытайдың бірігу кезеңінде шығарылып, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Канси Қытайдың ең ұзақ билік құрған императорларының бірі болды. Оның басқару кезеңінде елде орталықтандырылған билік күшейтіліп, экономикалық реформалар жүргізілді. Бұл реформалардың бір бөлігі ретінде аймақтық ақша сарайлары белсенді жұмыс істеді. Шаньси солтүстіктегі маңызды экономикалық және сауда орталығы болды. Бұл аймақ тұз және көмір өндірісімен танымал еді, сондай-ақ провинцияның монеталары сол кезеңдегі ішкі және сыртқы саудада үлкен рөл атқарды. Алдыңғы бетінде қытай иероглифтері жазылған. Жоғарыдан төменге – “Канси”, оңнан солға – “тун-бао” деп оқылады.Артқы бетінде Шаньси провинциясының белгісі ретінде монетаның артқы бет інде «Си» иероглифі жазылған. Бұл “Сиань” немесе “Батыс” деген мағынаны білдіреді.
Монеталар негізінен қоладан жасалды. Сирек жағдайларда күміс немесе басқа металдар қосылған нұсқалары кездесуі мүмкін. Пішіні дөңгелек, ортасында төртбұрышты тесік бар. Бұл дизайн Қытай философиясында аспан (дөңгелек) мен жердің (төртбұрышты) үйлесімін бейнелейді. Шаньси провинциясында жасалған монеталар жергілікті қажеттіліктер үшін пайдаланылды. Олар сондай-ақ көрші аймақтармен саудада кеңінен қолданылды.Канси дәуірінде ақша сарайларында өндіріс стандарттары жоғары деңгейде сақталды, сондықтан бұл кезеңнің монеталарының сапасы өте жақсы деп бағаланады. Қажалған, жазулары кеткен.
- Монета. Қытай, Цин. Цянь-лун тун-бао. Цяньлун кезеңі. Пекин. Қоғамдық жұмыс бұйрығы. Цяньлун тун-бао монеталары – Цин династиясының алтыншы императоры Цяньлунның (1736–1795 жж.) басқару кезеңінде шығарылған Қытайдың ең танымал монеталарының бірі. Бұл монеталар Қытайдың экономикалық тұрақтылығының символы болып саналады және бүкіл ел бойынша кең айналымда болды. Цяньлун дәуірі Цин әулетінің гүлденуінің шарықтау шағы ретінде танылды. Цяньлун императоры өз билігі кезінде мәдениетті дамытуға ерекше назар аударып, орталықтандырылған билікті нығайтты. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін біртұтас ақша жүйесі маңызды болды. Цяньлун тун-бао монеталары ұлттық ақша айналымын қамтамасыз етуде басты орын алды. Олар түрлі провинцияларда соғылып, әр аймақтың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті. Монеталар әдетте мыстан жасалған. Кейбір арнайы үлгілерінде күміс немесе алтын қоспалары пайдаланылған болуы мүмкін. Қажалған, жазулары кеткен, ортасында төрт бұрышты тесігі бар.
P.S.: Міне, осындай Шымкент тарихы мен оның түрлі кезеңдерде сыртқы экономикалық байланыстарын көрсететін 22 монета-теңгелер «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің жәдігерлер сөресін байытып отыр. Бұл, әрине, қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиға саналып отырғаны сөзсіз.
Н. ТӨЛЕЕВА
Шымкент қалалық Музейлер бірлестігінің ғылыми қызметкері