Мемлекеттік рәміздерді насихаттау аясында Ұлттық мереке – Республика күніне орай өткізілген «Үздік ролик», «Үздік іс-шара», «Үздік пост» байқаулары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты патриоттық, отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, қоғамның мемлекеттік рәміздерге деген құрметін сондай-ақ әлеуметтік желілелерде сапалы контент қалыптастыруға үлес қосуды көздейді.
Жалпы, биылғы байқауға 60-қа жуық өтінім түскен. Ал, өтінім берген қатысушылардың құрамына сараптама жасағанда, негізінен Шымкент қаласындағы орта білім беретін мектептер қатысқанын бағамдауға болады. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар арасында танымал журналистер, тарихшылар, қоғам белсенділері де бар.
Ал, өтінім бергендердің ауқамы мен масштабын қарағанда, еліміздің әр-түрлі өңірлерінен, Алматы қаласы, Түркістан облысы, Түркістан қаласынан өтініш жолдаған қатысушылар да болды. Олардың ішінде Алматы қаласынан тарихшы, лингвист, қаламгер Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы, Түркістаннан белгілі композитор, журналист Бекжігіт Сердәлі, Түлкібастан 8 тілді білетін, қаламгер кітапханашы Мейірхан Мейрамбекұлы секілді өтінім берген қатысушылар «Үздік пост» бойынша әлеуметтік желіде жазбаларын жариялады. Дегенмен, байқау ережесінде 10 пост жариялау қажеттігі туралы талап болғандықтан, біраз азаматтар байқауға жіберілмеді. Дей тұрса да, байқаудың арқасында рәміздерді насихаттау шарасы республика деңгейіндегі кең көлемде насихатталып, ауқымды дәрежеге көтерілгені бәрімізді қуантады.
Байқауға Шымкент қаласындағы 50 мектептен 15 өтінім түскен. Байқау талаптарына сай келмейтіндері комиссия бірден назарына жіберілмеді. Осы өтінім берген мекемелер ішінде Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп, Қ.Сәтпаев атындағы Шымкент Политехникалық колледж, №79 мектептен Шолпан Еспенбетова, «Тұран», «Түркістан» секілді жеке мектептері белсенділік көрсетті.
Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Көрме» орталығында өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, жиналған көпшілікті Ұлттық мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін ашып беріп, өзі де өз қолымен бірқатар жүлделі орын алған азаматтарға сый-сияпат табыс етті.
Комиссия шешімінің нәтижесімен, Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға орай ұйымдастырылған «Үздік іс-шара», «Үздік ролик», «Үздік пост» байқауларының жеңімпаздары анықталды. «Үздік пост» байқауы бойынша Бас жүлде Шымкент қаласындағы №77 мектептің мұғалімі Мәдина Қамбарға, І орын тарихшы-өлкетанушы Сейдалы Дүйсебаевқа, ІІ орын ардагер журналист Қабыл Дүйсенбіге, ІІІ орын тарихшы Есбол Асылбековке, байқауға қатысқаны үшін Алғыс хат №79 мектеп 8 Д сынып оқушыларының жетекшісі Ләззат Бекпенбетова табысталды. Ал, «Үздік ролик» байқауы бойынша Бас жүлде «№1 TALANT» жалпы білім беру мектебі оқушыларына, І орын Мерей Сәрсенбекке, ІІ орын «Тұран» мектебі өкілі Дариға Әлмырзаға (жеткшісі Динара Маханова), ІІІ орын «Раушан Үкібас» бастауыш мектебі оқушыларына, Алғыс хат Қ.Сәтпаев таныдағы Шымкент Политехникалық колледж өкілдері иеленді. «Үздік іс-шара» байқауы да тартысты өтіп, оған қатысқан қатысушылар арасынан Бас жүлде Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия оқушыларына, І орын №52 мектептен Гаухар Яхшибаеваға, ІІ орын О. Жандосов атындағы мектептен келген Нұркен Тоқаевқа, ІІІ орын №50-ші мектеп-гимназияның шәкірттеріне, Алғыс хат «Тараз» бала бақшасына берілді.
Шара барысында арнайы дайыналған бейнеролик көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздары ән салды, «Яссы» этно-фольклорлық би ансамблі өнер көрсетті.
Айта кететін нәрсе, бұл байқау осымен 3-ші жыл өткізіліп отыр. Шараның өтуіне қолдау білдірген Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма болды. Жыл өткен сайын қатысушылардың көбейіп, туындылардың сапасы артып, байқаудың өзіндік дәстүрі қалыптасып келе жатыр. Бұл жолғы байқауға төрелік еткен комиссияның құрамында Б.Тайжан, Ғ.Қалмаханов, А.Жақсылықова секілді қара қылды қақ жарған, республикаға танымал қаламгерлер болды.
Бұған қоса, осы шараның ұйымдастырылуына қатысты «дәстүр» дегенде мына жайтты да айтуға болады, байқау қорытындысы «Көк тудың желбіргені» Патриоттар форумында жария болады. Форумның азаматтық қоғамның қолдауымен үздіксіз өтіп келе жатқанына алтыншы жылдың жүзі болған.
|
Сейдалы ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ |
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 2005 жылғы түлегі, 2019 жылдан бері «Қызмет» республикалық қоғамдық апталық газетінің тілшісі, openkazakhstan.kz туристік-ақпараттық сайтының редакторы |