САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ҰЛЫҚТАДЫ
-
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Батырлар жыры – тәрбие көзі» атты қалалық мектеп оқушылары арасында батырлық жыры танымдық іс-шарасын өткізді. Танымдық шараның мақсаты – жастарға ата-бабамыздан қалған өшпес рухани мұрамыз батырлық эпосты насихаттау, ерлік рухын ояту, сөздік қорын, таным-ықыласын арттырып, тіл байлығын дамыту және батылдыққа тәрбиелеу.
Бүгінгі танымдық шараның қазылар алқасы Шымкент қаласы Саз колледжінің оқытушысы Р.Ақинбеков, Б.Өтеп атындағы мамандырылған «Өнер» мектебінің оқытушысы Г.Көптілеуова және Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталық қызметкері Қ. Байтенов төрағалық етті.
Шараға Шымкент қаласының бірнеше мектептерінен келген оқушылар қатысып, «Ер Тарғын»,«Қобыланды батыр», «Ерсайын батыр», «Алпамыс батыр», «Қаракерей Қабанбай» батыр «Қанжығалы Бөгенбай», «Едіге батыр», «Күлтегін батыр», «Ақпан батыр» жырларынан үзінділер оқып, орындап шықты. Батырлар жырын үздік орындаған оқушыларға жүлделі орындар беріліп, алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында күй тартылып, патриоттық әндер орындалды.
Қазақтың батарлар жырын оқу арқылы баланың жүрегінде туып өскен жері мен халқының амандығын ойлау сынды патриоттық және отанына, отбасына қорған болу сезімін оятады емес пе? Сондықтан, бала тәрбиесінде қазақ халқының батырлар жыры арқылы жандандыру – ұлт болашағының тарихи жадын жаңғыртуға жол ашпақ.