ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛ ЖӘНЕ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Қазіргі таңда елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі жаңаша мазмұнға ие болып, барша қазақстандықтардың тату-тәтті тіршілігін ту етіп көтеріп келеді. Елімізде мемлекет тарапынан кез келген этносқа өзінің тілін, өзінің мәдениетін білуге барлық жағдай жасалған.Бұл орайда Ассамблея өзінің тарихи миссиясын лайықты атқарып келеді. Ассамблея мемлекеттік органдармен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп этносаралық тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда өңірімізде 11 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық және 1 ауылдық этномәдени бірлестік және олардың аудандар мен қалаларда 4 филиалы және 23 өкілетті өкілі жұмыс атқаруда.
Этносаралық татулықты сақтауда түсіндірме жұмыстарының маңызы үлкен. Бұл орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ақпараттық-насихат тобы құрылған, олар ауыл-аймақты аралап, кездесулер өткізуде. Ақпараттық-насихаттық жұмыстарға жергілікті жерлердегі беделді азаматтар де тартылған. Ол кездесулерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы және Ассамблея сессиясындағы мақсат-міндеттерді іске асыру жайы қаралып, мемлекеттік бағдарламалар халыққа жан-жақты түсіндіріліп келеді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының бекіткен жоспарына сәйкес, өңірдегі этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандарда этносаралық толеранттылықты нығайту мақсатында өткен жылы 348 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, биыл жыл басынан бері 61 кездесу өткізілді.
Сондай-ақ бірлікті бекемдеу бағытында түрлі тақырыптарда семинарлар өткізіліп келеді. Сол іс-шаралардың шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» және этносаралық қатынастарды зерттеуші ғалымдардың методикалық кеңестері тыңдалды. Аталған институт директорының орынбасары Айгүл Садуақасова Сарыағаш және Сайрам аудандарында «Мемлекеттік этносаясатты іске асыру және этникалық салада қолданыстағы заңнаманы сақтау мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері тақырыбында» үшкүндік семинар және жақында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Этносаралық келісім: құқықтық тәсіл және толеранттылық» тақырыбында семинар өтті.
В.М.Саражова
«Ахыска» түрік этномәдени орталығы»
қоғамдық бірлестігінің мүшесі