ҚАЙТПАС-1 ЖӘНЕ ҚҰРСАЙДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ТҰТЫНАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

 

Шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Қайтпас- 1 және Құрсай да оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

  • Құрсай шағын ауданы 100% оптика желісімен қамтылып, тұрғындар сапалы интернетті қолдануда.
  • Қайтпас-1-де Академиялық, Ғалымдар,

Жаскент, Ақ қайнар көшелеріне оптика желісі тартылды. Көркем және Али Түзелбаев, Астық көшелеріне магистралды желі кабельдері тартылды. Сонымен қатар, серверлік үй жайда порттарға қосу жұмыстары атқарылып, Wi-fi роутерлардың конфигурациялары жазылды.

Қыркүйек айына дейін жалпы 80 көше толық оптика желімен қамтылып, аталған елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік алады.

Цифрлық жүйе бойынша Шымкентте іске асып жатқан оңды істердің бірі – бақылау камераларының орнатылуы. Дерекке сәйкес, қалада 3 177 камера бар. Оның жартысы бейнебақылауға арналса, 1 677-сі жол қауіпсіздігін бақылайтын ка­мералар. Басқарма басшысы бұл бас­та­ма­ның тиімділігі мен нәтижесі өте жо­ғары болғанын айтады. Соның нәти­жесінде, мегаполис көшелері мен жолдарында тәртіп түзеліп, қауіпсіздік азайған. Әсіресе заңға қырын қарайтын жүргізушілер айыппұлдан аузы күйіп, біраз жөнге келіп қалды. Соның ішінде көлікті жүргізгенде спидометрін ұмытып кететін жастардың аптығы басылған. Мәлімет бойынша биыл қосымша тағы мың камера орнатылады. Оның 800-і бейнебақылау функциясын атқарады. Қазіргі уақытта қаладағы барлық мектепте бейнабақылау құрылғылары қойылып, жергілікті полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Ен­дігі ретте балабақша мен ауруханалар бейнебақылау камераларымен қам­тылатын болады. Басқарманың алдына қойып отырған жоспары бойынша, 2025 жылға қарай қаладағы камералар үлесі 57 пайызға жетуге тиіс.

Маманның айтуынша, былтыр бұл көрсеткіш 21 пайыз болған екен. Қала аумағы бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есеге ұлғайған. Сондықтан қала әкімдігі шалғай елді мекендерді бақылау камерасының назарында ұстауға тырысып жатыр. Негізінде елді мекендердің үлкен көшелерінде камералар баяғыдан жұмыс істейді. Полиция қызметінің ұсынысымен қосымша көшелерді де енді камераның объективіне алу көзделіп отыр.

Шымкент қаласында мыңнан астам қиылыс пен үш жүзге жуық бағдаршам бар.