«ҚАМҚОРШЫЛАР КҮНІ» ӨТКІЗІЛЕДІ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында 2022 жылдың 23 қараша күні «Қамқоршылар күні» шарасы ұйымдастыралады. Қайырымдылық Шымкент қаласының білім басқармасына  қарасты №24 жалпы орта мектебінде сағат 10.00-де басталады.

Іс-шараның мақсаты: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және оларды өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру мен құрметтеу болып отыр.

Шымкент – қайрымды қала. Ізеттілік пен мейірімділік, кішіпейілділік             пен сыйластық. бұл – Шымкент тұрғындарына тән қасиет. Демек, кез-келген бастама мен игі істі осы бағытпен жүзеге асырсақ өзгелерге үлгі боларымыз сөзсіз.

2009 жылдан бастап, Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен жыл сайын «Қамқоршылар             күні» мерекесі өткізіліп келеді. Әр жолы 115 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қамқоршылық          пен қорғаншылықта, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан балалардың қатысуымен осы мерейлі күнге орай іс – шара ұйымдастыру, біздің қалада бұлжымас дәстүрге айналған.

Жылда өткізілетін іс-шараға 6-14 жас аралығындағы балалар қатысады.

Осыған орай, биылғы жылы өткізілетін іс-шара аясында демеушілердің көмегімен 115 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала                    бас киім, сырт киім, аяқ киімдермен қамтылады.

– Қазіргі таңда, қаламыз бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 745 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 13 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатыр. Бірі баланы өрімдей кезінен, басқасы есейген шағында қамқорлығына алған. Бірақ, барлығы да қаймықпай жауапты қадам жасады. Ата-аналық міндеттерін мінсіз орындап та жатыр.

Әр балаға мемлекет ай сайын жәрдемақы төлейді және мектепте            оқитын оқушыларға да түрлі материалдық көмек көрсетіледі. Дегенмен,  бұндай демеу қамқоршылардың істеген ерлігі мен ерен еңбектерінің тек бір ұшқыны ғана.  Болашақта  оларға қолдау тек арта берсе, отбасы жылуына бөленетін бүлдіршіндердің саны көбейе түсері сөссіз,-делінген Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, бүгінгі Шымкент қаласында өткізіліп отырылған  «Қамқоршы күні» мерекесіне қатысатын 115 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар демеушілердің есебінен қыстық бас киім,  сырт киім және аяқ киімдермен қамтылады. Сонымен қатар, Шымкент қаласының білім басқармасының тарапынан көпбалалы 5 қамқоршы мен 8 демеушілер алғыс хаттармен марапатталады.