ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕРТЕ АНЫҚТАЙТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкентте қатерлі ісікті ерте сатысында анықтайтын позитронды-эмиссиялық томография орталығы ашылды. Мұндағы жоғары технологиялық медициналық құралдардың көмегімен енді онкологиялық  және бас-ми ауруларына дәл диагностика жасалады.

Ядролық медицина орталығындағы позитронды-эмиссиялық томографияның көмегімен обыр ауруының ошағын дәл тауып, емдік шараларды  дер кезінде бастауға мүмкіндік туды. Соның арқасында жылына орташа есеппен онкологиялық сырқатқа шалдыққан 5 мың адамның ауруын ерте сатысында анықтап, өлім-жітім едәуір азаймақ. Сондай-ақ орталықта жаңа  қондырығының көмегімен сәулелік терапия жүргізіледі.

         – Америка құрама штаттарында жасалған “ Varian Halcyon” сәулелік үдеткіш бізге сәулелік терапия жүргізуге мүмкіндік береді. Ол сырқаттарды бұрынғыдай хирургиялық әдіспен емес, 2 миллиметрден басталатын ісік ауруларын емдеуге мүмкіндік береді,-дейді медициналық орталық директоры  Дәулет Ержанов

Мұндай құрылғы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерде жоқтың қасы. Орта Азияда теңдесі жоқ саналады. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандыққа қолжетімді зерттеулер жүргізіледі Дәрігерлер қондырғылардың көмегімен күніне 30 адамның денсаулығын тексеріп шыға алады. Онкологиялық аурухана жанынан ситуациялық орталық та ашылды.  Осындай диагностика үшін шымкенттіктер  2-3 ай кезек күтіп, Астана, Алматы қалаларына баруға мәжбүр еді. Емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов

– Біздің дәрігерлер енді Шымкент қаласына ғана емес, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының халықтарына қызмет көрсете алады.  Ата заңымыздың басты құндылығы халқымыздың денсаулығы екенін ескерсек, атқарып жатқан іс шаралар өмірдің талабы. Қымбат тұратын медициналық қызметтің бұл түрі енді жергілікті халыққа қолжетімді болады,-деді.

Ресми деректерге жүгінсек, Шымкент қаласында жылына 1  мың 200 адам онкологиялық ауруға шалдығады екен. Бұл саладағы кешенді жұмыстардың нәтижесінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың орта жасы бүгінде 47-ден 52-ге көтерілген.  Медициналық орталық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылды. Енді радиофармпрепараттардың кеңейтілген желісін  іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ,  жоғары дәлдіктегі радионуклидтік диагностика орталығы құрылады.  Ядролық медицина мегаполисте медициналық туризмді жетілдіруге негіз болмақ.