ҚАЛАЛЫҚ АРНАЙЫ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ «ЖАН ШУАҚ» ҚОҒАМДЫҚ СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ
-
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың Тифлология бөлім меңгерушісі өмірге құштар жан І топ көзмүгедегі Бакиев Ербек Мейрамбайұлы «AMANAT» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі негіздеген «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығымен «Ғылым және білімнің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша марапатталды.
Аталған марапатты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли табыс етті. Айтулы сыйлық, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қайсарлық пен ерік-жігер танытқан, белсенді толыққанды өмір салтын ұстанатын, көпшілікке үлгі боларлық және еліміздің мәдени, қоғамдық, спорттық өміріне белсенді қатысатын мүгедектігі бар адамдарға беріледі.
«Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының берілудегі мақсаты:
Қоғамның назарын мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына аудару, проблемалық мәселелерді шешу жолындағы әрекеттерді күшейту және үйлестіру. Адамдардың жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер беру, олардың алға ұмтылуына және қоғамға пайда әкелуіне қолдау көрсету. Бірлескен әрекеттермен әлеуметтік кедергілерді жою, мүгедектігі бар адамдардың қоғамның қызметіне енуіне жәрдемдесуді мақсат етеді.