ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС: ҮШ АЙ. ҮШІНШІ ОРЫН

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласы еліміздегі  үшінші миллионнан астам тұрғыны бар қала. Өмір сүруге ыңғайлы. Қай жағынан алсаңыз да. Ауа райы жайлы, жері шұрайлы, тарихи ескерткіштерге бай.  Сол себептен де үшінші мгепоилске саяхаттаушылар саны  жыл сайын артып келеді. Ресми статистикаға сүйенсек, 2022 жылдың 3 айында Шымкентке 97 501 адам келіпті.

Осылайша Шымқала тартымды өлке ретінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі үшінші орында тұр. Бұл тізімді әрі қарай Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстары жалғастырады. ШымшаҺарға үш айда 90 мыңнан аса Қазақстанның тұрғындары түрлі себептермен сапарласа, 7000-нан аса турист шетелден саяхаттап келген.

Енд қай елдерден қонақ көп келді дегенге сауалға жауап іздеп көрейік. Үшінші мегаполиске келушілердің басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Ресей елдерінен екен. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде Шымкентке келгендердің саны 71 156 адамды болған, қонақ келу жағынан еліміз бойынша 5 орында тұрған.

Нарық сұранысқа қарай реттеледі. Қалаға келушілер саны көбейгендігін есепке алған  кәсіпкерлер қоанқтар тоқтайтын орындарды да көбейткен. Бүгінде Шымкентте 140 осындай орын бар. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсім бары байқалады. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына сеп болып отыр. Қазір қонақ үйлерде 1000-нан аса адам қызмет етеді. Олардың қатарында қонақ үй әкімшісі, хостес, ресепшн қызметкері, оператор, сату менеджері, брондау менеджері, даяшылар, аспаз, бас аспаз, бас менеджер және басқа да қызметкерлер бар. Осы қызмет бойынша 1 млрд. 627 млн. қаржы айналымға түскен.

Қалада бар  140 қонақ үйде 2 737 бөлме бар. Яғни шымкенттік қонақүйлер бір күнде 6000-ға жуық адамды қабылдай алады. Жыл басынан бері 100 мыңға жуық адам қонақ үй қызметін тұтынған.

Қалаға келген қонақтардың сапары туризмнің қай түріне жатады дегенге мынадай жауап беруге болады. «E-qonaq» жүйесіне тіркелу мәліметіне қарап сараптасақ саяхаттаушылар жеке, туристік, кәсіптік және іскерлік мақсаттарда Шымкент қаласына келіп-кетіп жатады екен.

OPENKZ-АҚПАРАТ