ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ЖӘНЕ САТИРА ТЕАТРЫ АЛМАТЫДА ГАСТРОЛЬДІК САПАРДА ЖҮР

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры Алматы қаласына желтоқсан айының 17-20 күндері аралығында гастрольдік сапармен барғалы жатыр. Дулат Исабековтің «Сүйекші» спектаклі желтоқсанның 17-нен бастап көрсетілмек. Бұл туралы жазушы Дулат Исабековтің көмекшісі әрі танымал драматург Ақмоншақ Ахмет фейсбуктегі Dulat Issabekov парақшасында бөліскен.

Спектакльге шақырған хабарламада қойылым қай уақытта өтетіні туралы мәліметпен бірге, билеттерді театр кассасынан, не онлайн сатып алу туралы да қажетті ақпараттар қамтылған. Қойылым Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында қойлады, кешкі 19:00-де басталмақ. Байланыс нөмірі спектакль афишасында көрсетілген.

«Сүйекші» спектаклі трагедиялық жанрдағы драма. Бір жағынан театр атауы айтып тұрғандай әзіл-сықақ және сатира театрының трагедиялық жанрда қойылым қоюы – бір жағынан жаңалық деуге болады.

Спектальдің авторы – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Еңбек ері Дулат Исабеков.

Басты рөлдерде – ҚР Мәдениет қайраткері Жүсіп Ақшора, ҚР Мәдениет саласының үздігі Садық Жәкіпов.

Қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі Ғазиз Арынов, қоюшы суретші – Жомарт Дүйсебеков, киім жөніндегі суретші – Ержан Досанов, сазбен әрлеуші – Дәулет Орынбек, театрдың көркемдік жетекшісі – Ербатша Берік.

«Сүйекші» повесі арқау болған спектакльдегі басты философиялық ой — қауқарсыз жалғыздық. Кедей отбасында өмірге келген Тұңғыштың ештеңеге ұмтылмай, ешқандай мақсатсыз өмірден өтуінің сыры неде? Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырдың адамзат әлеміне соншама қасірет әкелуінің себебі бар ма?

«Сүйекші» повесі арқау болған қойылым көрерменді ойлануға үндейді. Жазушы қарапайым ғана жанның көкірегіндегі құпияға үңілуге тырысады. Шығарма кейіпкері Тұңғыштың мына өмірдегі кері кету процесі көрсетеді. Бұл жерде Тұңғыштың Үндемеске айналу процесі. Тұңғыштың осы сипатында руханилықтан жұрнақ қалмаған, сезімдік қасиеттері өліп кеткен Үндемеске айналған шағына дейінгі аралықта, жеке адамның үлкен тағдыры жатыр.